28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы Алматының Медеу ауданында Қазыбек би, Зенков, Гоголь және Қонаев көшелерімен шектелген 18 гектар аумақта орналасқан.
28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы қаланың ең алғашқы саябағы, оның іргесі XIX ғасырдың соңында, Алматы әлі Верный деп аталатын кезде қаланған.
Ресми атау 1942 жылдың 5-мамырында Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуге бет алған фашист танкілерін тоқтатқан Панфилов дивизиясы мен алматылық батырлардың құрметіне берілді. Олардың құрметіне және екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарын есте сақтау үшін саябақта Мәңгілік алау жанып тұр.
«Мәңгілік алау» – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында тоқтаусыз лаулап тұратын от. «Мәңгілік алау» соғыс символдарына жататын болған соң, жыл сайын халық алау маңына гүл шоқтарын қояды.
Панфиловшылар саябағы
Жалпы саябақ атауы бірнеше рет өзгертілген. Саябақ Верный қаласының құрылысы жылдарында қорымдар (1921 жылы болған селден қорымдар жойылған) орнына салынған. 1887 жылдың 28-мамырында болған жер сілкінісі кезінде қаза тапқандардың бауырлас бейіті де жоғалған. 1899 жылы А.С.Пушкиннің 100 жасқа толуына орай саябақ «Пушкин саябағы» атауына ие болды. Саябақ көріктендіріліп, мамыр гүлдері отырғызылды, күркелер мен отыратын орындар тұрғызылды. Шығыс бөлігі – Шіркеу алаңында (немесе Гефсиман бағы) Түркістан Шіркеуі, архиериялық шіркеу мен епархиялық үй (кеңестер кезінде «Алматы» кинотеатры) салынды.
Панфиловшылар саябағы
Бүгінде саябақтың шығыс бөлігінде Ықылас атындағы халық аспаптарының мұражайы, Әскерлер үйі, Интернационалист жауынгерлер ескерткіші және Мәңгілік алауы бар Даңқ мемориалы орналасқан. Мемориалды кешеннің ашылуы 1975 жылдың 8-мамырында өтті. Ол Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін атсалысқан жастар құрметіне жасалған «Ант» горельефінен тұрады. Орталық бөлігі «Ерлік» триптихасы Мәскеуді қорғаған батыр панфиловшылардың бейнесін суреттейді. Оң жағында «Даңқ таратушылар» композициясы. Ол салтанатты өмір гимнінің белгісі. Мәңгілік алау жанында батыр қалалардан әкелінген топырағы бар лабрадориттен жасалған кубтар орналасқан. Демалыс және мереке күндері паркте адам ерекше көп болады. Олар Отан үшін қаза болғандарды еске алып, гүл шоғырларын алып келеді.
Саябақты толықтай кесіп өтетін естелік саяжолының бойында 28 батыр панфиловшылардың аттары ойылып жазылған тастан қашалған бағаналар мен Кеңес Одағының Батырлары, И.В.Панфилов және Бауыржан Момышұлының ескерткіштері бар. Даңқ мемориалының батысында Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарында елімізге келген мемлекет басшыларымен егілген Тянь-Шань шыршалары отырғызылған Президент саяжолы бар.

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. жол тәртібін бұзу қатер тудырады. қшада, мектепте, үйде "машинадан сақ бол! " деген сөздерді жиі естиміз. тіпті кейбір : "мен кішкентай емеспін ғой, неге айта береді"-деп бұртияды. жолдың қалыпты қозғаласы көбінесі ң жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны шаңғы тебетіні қалтарыстан жолға шыға келетіні салдарынан бұзылады. көшеде үлгілі, тәртіпті оқушы жолда жүру заңын бұзбайды. жолда жүру заңы бізге мыналарды ескертеді; 1) машина жолымен емес, жаяуға арналған жолмен жүр. 2) жақын келіп қалған автокөліктің алдын кесіп өтпе, әеулі оны өткізіп жібер. 3) көшеде ойнама. жол бойында шаңғы, коньки, шана теппе. 4) өзіңнен кішілердің жол ережесін бұзбауын қадағала. жақсы үлгі көрсете біл. перевод
Правила дороги движения нам передвигатс осторожно и безопасно. Нарушать законы опасно. В садике, в школах или дома мы всегда слышем " остерегайся машин, будь остарожен". Некоторые дети говорят "я же не маленький, почему они об это всегда напоминают". Иногда дети играют, не слушаются и ходят где проезжают машины или катаются и при этом нарушают правила. Только хорошие дети(ученики) соблюдают правила безопасности (дорожного движения). Что гласят нам правила: 1. Ходи по тратуара, а не по дороге где ездят машины. 2. Если проезжает (автобус, машина) не переходи дорогу, подожди пока они пройдут. 3. Не играй, не катайся на дороге. 4. Учи младших соблюдать правило безопасности, покажи хороши пример.
Здесь есть грамотические ошибки, так что сорри.