Aleksandrovna1153
?>

Синтаксистік талдау жасауға көмектесіңіздерші

Казахский язык

Ответы

pronikov90

 Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат ара­сындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экология­лық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаһандық дағдарысы Жер шарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қорша­ған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық күшті жұмылдыру қажет. Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, т.б ең­бек­­­терінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп алуға келмейтін біртұ­тас дүние ретінде қарастырған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақ­станның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде елдің Туын, Елтаң­басын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, туған жерін, Отанын құрметтеуге тәрбиелеуден бас­тау керек, әрбір а кезінен Қазақ­станым – менің Отаным, ол мен үшін жауап­ты, мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болуы тиіс» – деп көрсетті. Қазақстан Республикасы тұрақты даму­дың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақ­ты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, «таби­ғат – қоғам – адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Бірақ, қоғам дамуының қазіргі сатысында адамзат табиғатқа деген көзқарасын өзгер­тіп, онымен өзара үйлесімділікте өмір сүру керек екендігін әлдеқашан анықтап алған. Бұл жағдайда өскелең ұрпақтың экология­лық білімі, тәрбие мәселесі маңызды рөлге ие болады. Қоршаған ортадағы адамның орнын түсінуге негізделген табиғатқа деген адамгершілікті қарым-қатынасын, табиғатты қорғауға деген ұмтылыстарын және әлемнің біртұтастығы мен ондағы адамның орны туралы түсінігін, өзін табиғаттың бір бөл­шегі деп тануы жайлы білімдерін сонымен бірге табиғаттағы тіршілік иелеріне деген жанашырлық сезімдерін ояту мен қалыптас­тыру, жас ұрпақтың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, табиғатпен таныс­тыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Елбасымыз өз Жолдауында атап өткен­дей, бұл жыл тәуелсіздікке қол жеткізген, көк байрағы желбіреген, қарқынды қадам­мен алға басып келе жатқан қазақ халқы үшін ерекше жыл. Осы 20 жылдықтың тәуел­сіздікке қоршаған ортаны қорғау жүйе­сі бойынша да қосары көп болмақ. Біздің міндет экологиялық мәселелердің маңызды­лығын көрсету ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа экологиялық сананы адам­заттың жалпы мәдени-табиғи дамуының бөлігі ретінде көрсету. Сондай-ақ, табиғатты сақтау мен қорғауға, табиғат-анаға көмек­тесуге ықпал етуді ойлаудың ерекше түрін қалыптастыру. Оны қалыптастыратын, да­мы­татын, жетілдіретін – өсіп келе жатқан ұрпақ.

Irina1435

Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - а ң еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды. Иран тарихы мен әдебиетінің ірі маман-ғалымы Е.Э.Бертельстің айтуы бойынша, («Саади Ескандари». «Вал Искандерев») Зу-л-қарнайн қорғаны (қамалы) туралы аңыз тіпті Құранға да енген дейді. Ескендір - дүниежүзі әдебиетінен кең орын алған әдеби қаһармандардың бірі.

 Абай - өз заманының оқымысты ақыны. Оның шығармаларын зерттегенде, шығыс, батыс, орыс әдебиеті, олардың тарихын, аңыз, әңгімелерін көп білетіндігіне таң қалмасқа болмайды. Ескендір жайлы да ол әртүрлі мәліметтермен танысқандығы күмән келтірмейді. Бірақ дәл қандай қорларды пайдаланғандығын айту қиын. Әйтсе де ол, ең алдымен, шығыс әдебиеті, ол тілдердегі Александр туралы жазылған тарихи деректерді жақсы білген деп топшылауға болады. Өйткені шығыстың ұлы классиктерінің шығармаларымен Абай жасынан таныс. Сондықтан Александр туралы Фирдоуси, Низами, Навои, Эмир Хосров (Әмир Хысрау) сияқты ұлы ақындардың жазғандарымен жақсы таныс болғаны байқалады. Демек, біз Абайдың «Ескендір» поэмасын осылармен салыстыра зерттегеніміз жөн.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Синтаксистік талдау жасауға көмектесіңіздерші
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Reginahappy
Анна1169
gbg231940
Александр1991
yelenaSmiryagin
gusinica23
tarasova
eisakov86
konss2
Paikina Natalya30
vikanikita
Zladthesecond577
joini09
beliaeva2
Михаил736