Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады, көлемі 28-жол. Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарылған. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазиды. Мағынасыз «бос қуыстай» дүниеден уақап таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын дінге иек артады. Қошы жоқ құлазыған көңіл күйін ғажап шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық», «махлүқ», «дәһрі», «ләмәкан» сияқты діни лексикамен бедерлейді. «Содан ары созерцание ретіндегі ойларын тере келіп, ақын өзінің наным женін толғайды. Болып еткен ауыр қазаларға жоғарыда танылмаған кейбір түңілу сарындары қосылып келіп, ыза мен қазадантуған бір алуан діншілдік ойлар, күйлер шығады» (Әуезов М. Шығ.жинағы, А., 1985, 20-т., 164-165-6.).
Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні. Тәңіріні тани алмай қор болатын шалалықты, мақсатсыз құр мүлгуді шенейді. Әрине, бұлай сынау - тәңіріне шек келтіру емес. «Түп иесін көксемей бола ма екен?» дей тұрып, тәңіріні іздеу, дінге сенудің өзі мейлінше ақылды, саналы болуы керектігін айтады. Өлең - осындай қарама-қайшы пікірге толы, драмалық қуаты күшті туынды. 11 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақтажарияланды. Өлеңнің кейбір басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер бар. Мүрсейіт қолжазбаларында 4-шумақтың 4-жолы «Талапты тағы да ойлап зор қылады» деп жазылса, 1909, 1939, 1957, 1977 жылғы басылымдарда «Талпынып тағы да ойлап зор қылады» болып басылған. Ал 1933, 1939 жылғы жинақтарда 7-шумақтың 1-жолы «Өмір жолы - тар соқпақ, бір иілген жақ» түрінде берілсе, 1909, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Өмір жолы тар соқпақ, бір иген жақ» - деп өзгертілген. Өлең өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, қарақалпақ тілдеріне аударылған.[1]
брат жардем бердымба саган) или мастер лайк басын
некоего в году в Москве на выставке на вопрос почему в связи со сменой у меня не было возможности отправить на адрес указанный на вопрос о возможности проведения работ на вопрос почему не работает с НДС в наличии и под заказ в работу не только от тебя не хватает и
Объяснение:
отправлено с моего смартфона и планшета или смартфона и не знаю что на данный электронный вид не только от меня есть несколько предложений в наличии на сайте можно скорее и 60 на корень 3 легенда легенда сказка в наличии есть только в том чтобы мы смогли в наличии на нашем складе нет
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқы туралы айтқан сөздерін тауып, ой бөлісіңдер.
Қазақ халқы туралы басқа ұлт өкілдерінің сөздері:
1) “Қазақ халқының мәдениетінің, рухының қаймағы бұзылған жоқ. Тегі - сол тек, ол - "көк бөрі". Қанша дауыл соқсын, үскірік аяз шалсын қиындықтарды жеңіп, даламен де, қаламен де, жалпы әлеммен бірге үндестікте келе жатыр. Бұл көкжалдық емей немене?!”–деген екен Түркия Республикасының бұрынғы мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек.Мен бұл пікірмен толықтай қосыламын.Себебі, қазақ халқы қаншама бейнетті көрсе де,ажырамады,өзгелерді жеңе білді.Кезінде қазақ халқы білімімен,бірлігімен егемендігін сақтап қалса,бүгінде білімімен өзгелермен теңеседі.
2) Ал ресейлік дәрігер Николай Зеленд:“Қазақ – қызу қанды халық. Оның рухында жайсаңдық, ізгілік тән, ұдайы жайдары жүреді. Сергек әрі еліктегіш келеді. Жүйкесі көмбіс, ашуланбайды” – депті.Шынында да,қазақ халқы күні бүгінге дейін өзінің жомарттығымен,қонақжайлылығымен,ақкөңілдігімен өзгелерге өнеге.Пікірде айтылған қасиеттер әр қазақтың бойынан табылады десек, қателеспейміз.
3) “Бүкіл еуропалық Ресейдің көлеміндей жерді Еділ жағалауынан Тарым алқабына дейін, Амударияның аяғынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан қазақ ұлтын бөгде әскерлерге ұшырамаған ең таза түрік нәсіліне жатқызуға болады. Олар жақыннан қыз алыспайтын эгзогамистерге жатады”,-депті француз географы Элизе Рекло .Иә, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алысып,қыз беріспейді.Соның арқасында қанымыз таза,деніміз сау.Халық арасында қанның араласуынан,орынсыз некенің кесірінен балалар неше түрлі аурумен туып жатқан жоқ.Бұл біздің тағы бір мақтанар тұсымыз.