О. Карпов1691
?>

1. төрт түлік деп нені атаймыз? 2. төрт түлікке қандай жануарлар жатады? 3. не себепті олар "төрт түлік" деп аталады?

Казахский язык

Ответы

Shalito

Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген.

Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды.Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады.

Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді.Жеп-шөпті онша талғамайды.Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. Ешкі де сондай.Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды.

Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген... Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.

tata-novik
Кекірейип турған бидай . - бугін ауа сондай кушті кун жарқырап тур. солай емес па деп сурады. -ия бугін ауа таза, жағымды. сеннен бір зат сұрайын. неліктен осы сенін басын кекірейип тур. -менін басым көкке карап тур достым. ал сенің басың ше? төмен карай салбырап тур. мен сыяқты көкке карап турмайсың ба. -мен қанша салбырап турсамда халықыма көп. мен пайдалы өніммін. біз екеуімізде халқымызға пайдалы өнімбіз. - ой менің сенікінен көп. мен биікке қарап өскенмін. -достым булай тәкаппар болма. басым төмен салбырап өссе де шукир халқымның бизлерге алғысы рахметті шексіз. сыпай болайық. сонда кекірейип турган бидай ойланып қалды. -біз шыны менде пайдалы өнімбіз. бізге жабайы шөптердің көп кесірі тійеди. -достым қапа болма бізді ол жабайы шөптен ң өздері қорықтайды.
donertime8
Самый святой скот - верблюды. казахстанцы называют его верблюжьим верблюдом. она терпима к пустыне, она транспортируется, она ест мясо, а шерсть - одежда. казахи носили шерстяные шерстяные шерстяные одежды, которые были легкими, мягкими и теплыми зимой. другая верблюжьей шерсти была сделана из одеял, что не означало, что ее не следует бросать. шум верблюда варился и использовался для лечения, и кожа была покрыта мужчинами. и она использовала молоко для лечения. молоко плодородно. молоко от шубата, курта, , т. б. ,

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

1. төрт түлік деп нені атаймыз? 2. төрт түлікке қандай жануарлар жатады? 3. не себепті олар "төрт түлік" деп аталады?
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

tonyakuznetsova
genya1509
komplekt7
Хохлова Иванович
anyakru94
Анатольевич-Лариса
Azarenkoff
papushinrv4985
natalia-bokareva
olgakovalsky6
gunel1988alieva
A2017
Stryapunina
etv771370
xsmall1