1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.
Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен танылды.
Объяснение:
Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.
Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.
Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Правильно подобрать слова к тексту.
А өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.