Өтірік айтуға бола ма?
"Өтіріктің құйрығы бір тұтам" дегендей, менің ойымша, өтірік айтпаған абзал. Себебі ерте ме, кеш пе өтірік ашылып, ақырында адамдардың өзіңе деген сенімін жоғалтасын. Қандай болмасын шындықты айтқан дұрыс.
Қазақ халқының мақал - мәтелдерінде өтірік тақырыбына өте көп көңіл бөлінген. Сол арқылы ата - бабамыз бізге дұрыс бағыт - бағдар, тәрбие беріп, өтіріктен жаман қылықтардан аулақ болуымызға ықпал тигізген.
"Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салатын" демекші, әрдайым шындықты бетке айтып, жалған айтдан аулақ болайық!
Гендік (генетикалық) инженерия —молекулалық және клеткалық инженерия белгілі бір мақсатпен жасанды айқын қасиеттері бар генетикалық материалдарды алдын ала құрастырып, оларды басқа клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі тұқым қуалайтын информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгілеген жоспармен қайта құруға болады.
Гендік инженерия ол функциональдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық (ата-ана екі ДНК молекулалары арасынан пайда болған будан) ДНК молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік инженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып, басқа организмге көшіріп орналастыру.
Бұл рестриктаза деген фермент пен лигаза ферментінің ашылуы негізінде мүмкін болды. Рестриктаза ферменті ДНК молекуласын нақты белгіленген жерлерін кесіп алады да, осылай фрагменттерді (рестрикция сайттарын) түзеді. Ал лигаза ферменті гетерогендік ДНК-ның фрагменттерін бүтін тігеді. Құрамында шығу тегі әр түрлі ДНК-лары бар молекуланы рекомбинаттық молекула деп атайды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. біз, біздер, ауылдастарым, заман сөздерін бастауыш етіп сөйлем құраңдар. 2.кеше, жазда, өткен айда, демалыс күні, былтыр сөздерін айқындалатын мекен пысықтауыш етіп сөйлем құраңдар. 3. туған ауылда, қонақта, саяхатта , сабақта сөздерін айқындалатын пысықтауыш етіп сөйлем құраңдар.
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
Біз қаланың орталығында төрт бөлмелі пәтерде тұрамыз.
Біздер бұл мерекелік іс – шараға белсенді қатысатын боламыз.
Ауылдастарым – түгелдей жақсы адамдар.
Заман күн өткен сайын өзгеруде.
Кеше кешкісін отбасымызбен орталық саябақта біраз серуендеп қайттық.
Жазда әдетте атам мен әжеме көмектесу үшін ауылға барамын.
Өткен айда мектепаралық спорт жарысына қатысып, облыстық жарысқа жолдама алдым.
Демалыс күні анам екеуміз дүкенге барып, керекті азық – түлікті алып қайттық.
Былтыр ағам мектеп бітіріп, арман қуып, Алматы қаласына оқуға түскен болатын.
Туған ауылда ауаның өзі өзгеше болатын секілді.
Қонақта отырғанымда телефоным шырылдай берген соң, дауысын өшіріп қойдым.
Саяхатта өңіріміздің өсімдіктер дүниесімен танысып қайттық.
Сабақта тыныштық пен тәртіп сақтау керек.