ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ ӨНЕРІ Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер. Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға деп бағалаймын. Қазақтың ұлы ақыны Абай: “Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй”, деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті. “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық. Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн. Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын – азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық. Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылар орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап, алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ Ел өміріндегі елеулі оқиға саналатын, қазақ үшін қабырғалы да қазыналы іс – күні кеше ғана тұсауы кесілген “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” антологиясы дер едім. Ұлттың ұлылығын, жұрттың мықтылығын танытатын рухани құндылықтары, оны мұра етіп қалдырған ой өлшемі биік, қаны да, жаны да таза арыстар екені айдан анық. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен “Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні” жобасы негізінде іске асып отырғанынан хабардармын. Жалпы, күй өнерінің өмірге келген кезеңін тап басып ешкім айта алмаса керек. Тіпті біздің дәуірімізге дейін де алуан түрлі сарындардың болғаны, оны орындаған аспаптардың сақталғаны мәлім. Ал көне ғасырдағы Қорқыт, ХІІ ғасырдағы Кетбұға, ХІV-XV ғасырлардағы Асанқайғы, Қазтуған, XVІ-XVІІ ғасырлардағы Байжігіт, XVІІІ ғасырдағы Абылайхан, XІХ ғасырдың басындағы Құрманғазы, Абыл, т.б. алыптар, олардың ізін қуған дара таланттар тарау-тарау әңгіменің, том-том кітаптың арқауы болары сөзсіз. Болып та жатыр. Осы жауһарларымызға кешегі кеңестік дәуірде көп мән бере қоймадық. Атүсті қарап, өзгенің әніне еліктеп келдік. Сөйтсек, кіммен де болса тереземіз тең түсетін, иықтаса алатын дүниелеріміз жетіп артылады екен. Соның бір парасын кезінде А.Затаевич жинақтап бастырса, Е.Брусиловский опералық шығармаларға тиімді пайдалана білді. Мұның өзі қазақтың ән мен күйін қажетіңе жарата алсаң, қандай шығармамен де ұштасып кететінін, ажарын ашып, айбынын асыратынын аңғаруға болады.
Робинзон Крузо орта деңгейдегі отбасында дүниеге келген.Оның әкесі ұлы оның көмекшісі болады деп армандаған.Бірақ Робинзон авантюрист болды.Алыс елдер оны өзіне тартты.Оның бірнеше теңіз саяхаты бір күні олардың кемесін қарақшылар басып алғанша сәтті өтті.Робинзонға қарақшылық кеменің капитанына қызмет етуге тура келді.Уақыт өте келе капитан оған сене бастады,тіпті балық аулауға жіберді.Сәтті пайдаланып,Робинзон ашық теңізге жүзіп кетті. Оны португал кемесі өздеріне алды.Робинзонның өтініші бойынша капитан оны Бразилияға түсірді.Мұнда бай жерлер көп болды.Робинзон Крузо плантатор болуды шешті.Көршілерімен ол тату өмір сүрді.
Жерді бір өзің өңдеу қиын болды.Сонда Робинзон көршілермен бірге құл сатып алуды шешті.Оларды Африкадан алу қымбат болды,сөйтіп Гвинеяға жүзуге келісті.Аттанар алдында ол өз жерін сенімді тұлғаға жалға беруді құжат түрінде ресімдеп кеткен еді.
Жолда дауыл ойнап,кеме апатқа ұшырады.Барлық топтан тек Робинзон аман қалды.Ол өз есін жиғанда бірден түсінді:ешкімнен көмек күте алмайсың.Сынған кемеден қалған қалдықты ол аралға тасыды.Аралды зерттеп, ол жалғыз екенін түсінді.Робинзон теңізге жақын жерде лашық салды.
10 жыл өтті. Робинзон Арал маңынан өтетін кеме оны құтқарады деп әлі күтіп жүрген еді.Бір күні Робинзон өмір сүрген аралға жабайы адамдар қайықтарымен бірге екі адамды алып келді.Олардың бірін Робинзон құтқара алды,екіншісін олар өлтіріп тастаған еді. Құтқарылған адамды Крузо Жұма деп атады.Енді ол қарым-қатынас пен қамқорлық жасайтын объект болды.
Көп ұзамай жабайы адамдар аралға жаңа құрбандарды әкелді. Бұл Жұманың әкесі және тұтқындалған испан болды.Жабайы адамдардың ниеті түсінікті болды. Робинзон Жұмамен бірге бұл адамдарды құтқарды.Енді олар төртеу болды.Бір күні аралға кеме келді.Жағаға команданың бір бөлігі түсіп,олар байланған капитанды алып келе жатты.Олардың әңгімесі бойынша кемеде бүлік болған.Робинзон өз достарымен капитанды құтқарды,ал теңізшілерді қарусыздандырды.Робинзон мен оның серіктерін капитан өзімен бірге алып кетті.
Робинзон Крузо аралда 14 жыл ауыр өмір сүріп Англияға оралды.Бразилияда сатып алған жерді жалға алғанына байланысты Робинзон өзінің болмаған жылдары үшін үлкен ақша алды.60 жасқа қарамастан,Робинзон Крузо үйленіп,оның үш баласы болды.
Перевод:
Робинзон Крузо родился в семье среднего достатка.Его отец мечтал, что сын станет его Но Робинзон был авантюристом.Дальние страны манили его. Несколько его морских путешествий удачно,пока однажды их корабль не захватили пираты.Пришлось Робинзону прислуживать капитану пиратской шхуны. Со временем капитан стал ему доверять и даже отпускал на рыбалку. Воспользовавшись моментом, Робинзон уплыл в открытое море. Его подобрал португальский корабль. По Робинзона капитан высадил его в Бразилии. Здесь было много богатых земель. Робинзон Крузо решил стать плантатором,и это у него неплохо получалось.С соседями он жил дружно.
Обрабатывать землю самому было трудно.Тогда Робинзон вместе с соседями решил приобрести рабов.Везти их из Африки было дорого, договорились плыть в Гвинею.Перед отплытием он документально оформил аренду своей земли на доверенное лицо.
По дороге в Гвинею разыгрался шторм. Корабль был разбит. Из всей команды выжил только Робинзон. Когда он пришёл в себя, сразу понял: ждать не от кого. Из разбитого судна он на плоту перевёз всё, что осталось целым на корабле и могло пригодиться. Обследовав остров, он понял, что на нём он один. Робинзон построил себе хижину недалеко от моря.
лет.Робинзон продолжал надеяться,что настанет день, и его проплывающий мимо острова корабль.Однажды на остров,где жил Робинзон, приплыли на лодках дикари и привезли с собой двух связанных людей. Одного из них Робинзону удалось второго они убили туземца Робинзон Крузо назвал Пятницей. Теперь у него был объект для общения и заботы.
Вскоре дикари появились на острове с новыми жертвами. Это были отец Пятницы и пленный испанец. Намерения дикарей были понятны. Робинзон вместе с Пятницей сумел выручить этих людей из беды. Теперь их было четверо.Однажды к острову подошёл корабль.На берег высадилась часть команды,за собой они тащили связанного капитана. По их разговору островитяне поняли, что на корабле бунт. Робинзон со своими друзьями капитана, а матросов разоружили.Робинзона и его спутников капитан забрал с собой.
Робинзон Крузо вернулся в Англию, проведя на острове 14 трудных лет.За аренду земли, которую он приобрёл в Бразилии,Робинзон получил большие деньги за все годы своего отсутствия. Несмотря на свои 60 с небольшим лет,Робинзон Крузо женился.Жена родила ему троих детей.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Отинем тез тауып алуым керек эссе минези туралы