Айдостың қора-қора малы бар.
Нұрболдың күшігі әдемі болатын.
Айнагүл қызын алмалы баққа апарды.
Балнұр ауылға келгеніне қуанып,шөпке аунады.
Біздің сыныбымызға жаңадан оқушы келді.
Атасы немересіне базардан алма әкелді.
"Біздің баламыз сабақты жақсы оқиды",-деп анасы мақтады.
Балалар доп ойнау үшін тегіс жер іздеді.
Балалар қалаға келіп жетті.
Айдын спорттық ойындарды көріп,мәре-сәре болды.
Спорт-денсаулық кепілі деп аталады.
Өрістен қойлар келе жатыр.
Анар орманнан жабайы мысықты көріп аң-таң болды.
Айбол ата немерелеріне қызықты ертегі айтып берді.
Балалар ауылға демалысқа келді.
Бүгін Айжамалдың жеңгесі сиырды бірінші рет сауған.
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы.
Соңғы кездері латын әліпбиіне көшу туралы мәселе жиі қозғалып, Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деген болатын. Кейбір тіл мамандары латын әрпіне көшу уақыт талабы екенін айта келіп, кейінгі ұрпақ қазіргі 42 әріпке қарағанда 33 таңбадан тұратын латын әліпбиін тез үйреніп алады деген ойын білдіреді.
Жалпы латын қарпіне көшудің артықшылықтарына тоқтала кетсек, біріншіден, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады.
Жалпы алғанда жастар Елбасының бұл бастамасын қолдап, латын әліпбиіне көшуге оң көзқараспен қарайды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Если ходить голодным человек умрет
Мой голод - беспоуойное сердце
Чай пьет кумыс не попросит
У дружного дома еда вкусная
Мало Еда, небольшое намерение