Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Домбыра уйірмесіндегі қызықты оқиға диалог
- домбыра үйірмесінен бе?
-йа , домбыра үйірмесінен, апайымыз бізді күнделікті дайындап жатыр мен қатысамын
- жарайды, ендеше менде үйірмеге қатысайын ол қай күндері болады?
- дүйсенбі;сәрсенбі,жұма күндері болып тұрады сағат 12:00 - де.
-домбыра да не орындайын деп жатырсың ?
- күй.
- кімнің күйі ?
- құрманғазының "Адай " күйін және"кішкентай" атты күйін орындап шығамын
- түсінікті , ендеше мен үйірмеге қатысамын және сенің жарысыңа да көрермен болайын жақсы , сау бол!
-сау бол!