Достық туралы
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:
«Достық деген ізгіліктің алаңы,
Оған куә ғасырлар мен замандар.
Отанын да сатып кете алады
Қиын шақта досын сатқан адамдар!»
деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халықымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сен қай сыныпта оқисың? болашақта кім болғың келеді? неліктен бұл мамандықты таңдадың? еліміздің ертеңі кімдердің қолында? еліміздің үшін жас ұрпақ қандай болуы керек? еліміздің үшін жас ұрпақ қандай болуы керек? алға қойған мақсат қандай?
-Сен қай сыныпта оқисың?
-Мен 7-сыныпта оқимын.
-Болашақта кім болғың келеді?
-Мен болашақта инженер болғым келеді.
-Неліктен бұл мамандықты таңдадың?
-Себебі,болашақта үй салу, жаңа заводтар салу үшін таңдадым.
-Еліміздің ертеңі кімдердің қолында?
-Еліміздің ертеңі болашақ ұрпақтың,жастардың қолында.
-Еліміздің дамуы үшін жас ұрпақ қандай болуы керек?
-Еліміздің дамуы үшін жас ұрпақ білімді,еңбекқор, адал, зерек болуы керек.
-Алға қойған мақсат қандай?
-Алға қойған мақсатым, болашақта білімді инженер болып, еліме адал еңбек еткім келеді.