grenysherg2873
?>

Составить диалог на казахском языке на тему "как отмечают в казахстане праздник 1 мая"

Казахский язык

Ответы

apetit3502

1 мамыр жайлы диалог.

- Алихан, сенің сүйікті мейрамың қандай?

- Мадина, мен барлық мерекелерлі де жақсы көремін. Дегенмен, екі мейрамды аса қатты асыға күтемін: бірі – Наурыз мейрамы болса, екіншісі – 1 мамыр мерекесі.

- Наурыз - жыл басы, ол түсінікті. Ал бірінші мамыр мерекесін не үшін жақсы көресің?

- Себебі, бұл мереке ірі мерекелердің бірі, сонымен қатар ел ішіндегі ұлтаралық келісім мен өзге ұлттардың бір - біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттайтын мереке.

- Ия, сенімен толықтай келісемін. Бұл мерекенің де маңызы зор екен. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп аталарымыз бекер айтпаған ғой.

- Дұрыс айтасың, бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.

- Шынымен де, әрбір ұлттың рухани құндылықтары мен ұлттық салт - дәстүрлерін насихаттап, келер ұрпаққа саналы тәрбие беруде бұл мерекенің маңызы мен алар орны ерекше екен.

- Мереке қарсаңында қандай тілек білдіруші едің?

- Бейбіт еліміздің тыныштығы мәңгілік болып, көк аспанымызда тек бейбітшілік құсы қалықтасын!

tigran87-87

Қазақтың ұлттық қолөнері.

Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.

Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.

Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын  стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын.  Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға  әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.

irohmichaelchikaodiri

осы аптада бурабай ұлттық саябағында өткен «жер – біздің ортақ үйіміз» хіі республикалық экологиялық байқау-пленэрінің жеңімпаздары анықталды. дәстүрге айналған бұл байқау елімізде «шеврон» компаниясының қолдауымен 2002 жылдан бастап өткізіліп келеді. соңғы бес жыл бойына жоба операторы қазақстан ұлттық юнеско клубтары федерациясы.

үкімет және жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры еркін зікібаевтың айтуынша: «әлемнің алдыңғы қатарлы энергетикалық компанияларының бірі саналатын «шеврон» біз жұмыс істей­тін сол елдердің жергілікті халықтың әлеуе­тін ға ерекше көңіл бөледі. «жер – біздің ортақ үйіміз» байқау-пленэрі ­ға өз шеберліктерін ға және біздің еліміздің әр түкпірінен келген мен жасөспірім­дерге өзі теңдестерімен араласуға мүмкіндік береді. бұл жобадағы біздің мақсатымыз – жас дарындыларға жол көрсету, ал таңдауды олар өздері жасамақ. ең маңыздысы, олар жан-тәнімен суретші болып қалғаны».

жобаға 12-16 жас аралығындағы маман­дан­ды­рылған көркемөнер мектептерінің дарынды мен тәрбиеленушілері қа­тыс­ты. байқау еліміздің 14 облысын, сонымен қатар алматы мен астана қалаларын қамты­ды. үміткерлер арасынан аймақтық турдың нәтижелері бойынша 50 жеңімпаз таңдап алынды. олар бір аптада өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіруімен қатар бурабайда ұмытылмас күндерін өткізді.

биылғы жылғы байқау «қазақстанның аңыз­ға айналған табиғаты» тақырыбын қам­ты­ды. бағдарлама көптеген шеберлік-сынып­тар мен пленэрлерден құралды. атап айтсақ, декоративті панно бойынша шеберлік-сынып, жапырақтардан абстракция, тастағы миниатюра, бөлектау тауының үстіртіндегі, абылай ханның ең көркем ордасы мен шортанды тылсым көлінінің орнындағы пленэрлер. бағдарлама шеңберінде бурабай ұлттық саябағының көз тартарлық жерлеріне саяхат жасау да болды. бұл жылғы байқаудың ерекше өзгешелігі жас суретшілерді бейнелеу мен қатар фото өнеріне де оқыту болды.  осы жылы жобаны қазақстан республикасы тұңғыш президенті – ұлт көшбасы қоры, астана қаласының әкімдігі, бурабай ауданының әкімдігі, «бурабай» ұлттық саяба­ғы, суретшілер одағы, қазақстандық лапландия қолдады. байқауда қазылар алқасы­ның төрағасы – қр тұңғыш президенті – ұлт көш­басы қорының атқарушы директоры сағындық нұрақанов болды.    жыл сайынғы байқау-пленэрдің мақсаты – экологиялық мәселелермен таныстыру. ұйымдастырушылар ға жалпы және экологиялық мәдениет, отансүй­гіш­тік және еліміздің қоршаған ортасын, табиғи және мәдени байлығын, сонымен қатар жер планетасының жалпы экожүйесін қор­ғау үшін азаматтық жауапкершілікке дағ­ды­ландыруға тырысады. 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составить диалог на казахском языке на тему "как отмечают в казахстане праздник 1 мая"
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

blizzardtap641
Середа-Сергеенков980
Все это с ответами и объяснениями.
osechkinandrejj
arionul-secondary2
rb-zakaz
llmell6
saljagindima
Nikolaevich
npprang21
konstantin0112
nataljatchetvertnova
yusinelnik8
Павел_Перелыгин
Imarmy67
siyaniemoskva