Бауырсақ-кәделі тағам. Басқа нан тағамдарына қарағанда, бауырсақ өте дәмді әрі тойымды. Бауырсақ – дастарқан сәні. Адам оны сүйсініп жейді. Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Бауырсақты қазақтар ғана тұтынады десек, қателесеміз. Оны моңғол, орыс, қытай, француз қатарлы көптеген әлем елдерінің ас мәзірінен де көруге болады. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әртүрлі жасалынады. Мысалы, үлкен, домалақ, ішіндегі қамыры мол, сыртқы түсі аппақ бауырсақтар пісіріледі, олардан кішірек, жақсылап қуырылған қып-қызыл өріктей бауырсақтар пісіріледі, іші қуыс домалақ сары бауырсақтар, кіп-кішкентай тіске салғанда қыртылдап беретін ши бауырсақтар, төрт бұрыш пішінді ішінде қамыры мол сары бауырсақтар, төрт бұрышты жалпақ бауырсақтар тағы басқа түрлі бауырсақтар кездеседі. Бауырсақ ашытылған және ашытылмаған қамырдан пісіріледі
Бүгін апай бізге «бос уақытта немен айналысасындар?» деп сұрақ қойды. Оған әркім өзінше жауап беріп жатыр. Бірі кітап оқимын десе, бірі анама көмектесемін, бірі шахмат ойнаймын деп жауап беруде. Әркімдікі өзінше дұрыс. Ал мен бос уақытымда немен айналысамын? Ойландыратын сұрақ екен. Бос уақыт – оқу мен еңбектен артылған жалпы уақыттың бір бөлігі. Күнделікті уақытым есептеулі. Мектепке барып білім алып, үйге келген бойда үй жұмыстарын жасап анама көмектесемін. Барша жұмыстарды жасап болғасын, қалған уақытты мен өзімнің қалауымен өткіземін. Мен бос уақытымды тиімді қолдануға тырысамын. Бос уақытты өткізу белсенді және белсенсіз болады деп түсінемін. Белсенсіз дегеніміз ұйықтап немесе кино қарап өткізгенді айтсақ, белсенді өтіп өткізу деп бос уақытта кітап оқып білімімізді арттыру немесе өзге тілді үйрену секілді келешегімізге зор ықпалын тигізе алатындай етіп өткізу. Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Кітаптағы әрқилы нақыл сөздер мен қажетті мәліттерді жеке блокнотыма жазып жүргенді жаным сүйеді. Түнұзағына әрқилы ақындардың өлеңдерін жүрекпен сезініп оқыған ұнайды. Ал енді кейде бос уақытымда тоқыма тоқығанды, әрқилы киімдермен қоса туысқандарыма қыстық шұлықтар мен шарфтар тоқып, сыйға тарту еткенді қалаймын. Енді бірде үйде бос болғанымда отбасылық кешкі асты дайындап, әрқилы тіл үйіретін тәттілер пісіріп, отбасыма қуаныш сыйлағым келеді. Осының бәрін мен тек сабақтарымды, үй шаруаларын жасап болғасын бос уақытымда жасаймын. Менің бос уақытым осылай өтеді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жалғау жалғанған сөзді таң. а аққумен б аққуды с аққулар д аққуым
1)септік жалғау
2)көптік жалғау
3)тәуелдік жалғау