Қобыланды батыр - қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма. Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. “Қобыланды батыр” жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған. Сондықтан да, “Қобыланды батыр” жыры көп вариантты жыр. Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жазушылардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі. “Қобыланды батыр” жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. “Қобыланды батыр” жырының бізге 29 түпнұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында, ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырларға арналған. “Қобыланды батыр” жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (мыс., Марабай, Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл Сүйінішәлі, Дәулетше, т.б. нұсқалар) аталған. Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі, халық арасына кең тараған, ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар. Бұл – мазмұны жағынан, көркемдік сапасы жөнінен болсын биік, оқшау тұрған жыр. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы. 1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар “Қобыланды батыр” жырын жазып алған. Оның ең көркем, ең қызық бір тарауын Қобыландынң Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы баслып шыққан “Қырғыз хрестоматиясына” енгізді.
Қожанасыр – түркі халықтары арасына кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері. Күлдіргі әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер Орта, Кіші, Алдыңғы Азия, Африка, Арабия, Греция, Румыния, Сербия, Бария, Еділ бойы, Оңтүстік Кавказ халықтары фольклорында, Қытайда Қожанасыр, Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген есіммен кең тараған. Мұның өзі Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелердің ортағасырдың алғашқы дәуірінде Азия, Еуропа, Африканың арасындағы мәдени-экономикалық, қарым-қатынастары күшейген шағында пайда болғандығын аңғартады. Қазақ ауыз әдебиетінде ірі сюжетті күлдіргі әңгімелер бір елде Қожанасыр екінші елде Алдар көсе атымен әңгімеленуі мүмкін. Бұл екі кейіпкер үнемі бір-бірін толықтырып отырады. Қожанасыр туралы айтылған күлдіргі әңгімелер қысқа тұжырымды сюжеттер мен оқиғалық логика принципі бойынша біріккен эпизодтардан құралады. Қожанасыр негізінен, түрік, әзірбайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ұйғыр, башқұрт, т.б. түркі халықтарының арасынан шыққан және бүкіл Азия мен Еуропа халықтарына сіңіп кеткен. Достық сипаттағы кейіпкерлер.
ответ: Можешь дать лучший ответ?
1-тапсырма
А) Үлкендеу пәтер
Ә) кезексіз алған пәтерге
Ә)қалалық кеңеске қайта барды
2-тапсырма
Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтінге ат қойыңыз. мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. (к тексту составить 3 вопроса) бір жігіт өзін оқытқан ұстазын көріп, оған өзінің кедей екенін айтады. ұстазы оған таңданады: «сен маған қолыңды мың сомға сатшы» - дейді. жігіт он мың сомға да сатпайтынын айтады. ұстазы одан көзін, құлақтарын, аяқтарын қанша сомға сататынын сұрайды. жігіт оларды да сатпайтынын айтады. ұстазы оған осынша байлық иесі екенін, яғни бай екенін айтып, жұмыс істеу керек деп кеңес беріпті. заренее !
Жігіт шынымен кедей ме
Ұстазы оған қандай кеңес берді