tanya14757702
?>

38 респект кто зделает респект и уважуха​

Казахский язык

Ответы

alzheleshikov

ответ:

объяснение:

сүйікті атырауым! әр ға өзінің кіндік қаны тамған жері ыстық. ауылда туған ға, қандай әдемі, қызығы қайнап жатқан қала болса да, өз ауылы қымбат болады. мен үшін кіндік қаным тамған жерім - атырауым ыстық. мен оны еш жерге теңемеймін. атырауым мақтасам, мақтауыма тұратын қала.

Alekseeva_Khlistov
 Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады.   мақалдар;Алты аға бірігіп әке болмас, 
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Әке балаға қарыз, 
Бала далаға қарыз.
 
Әке балаға сыншы.

Әкеден — ақыл, анадан — мейір. 

Әкеден безген ұл болмас, 
Анадан безген қыз болмас.

Әке жүрегі таудан үлкен, 
Ана жүрегі теңізден терең.

Әкелі бала жаужүрек, 
Әкесіз бала сұмжүрек 
Жукова_Петрович1281
Шоқанның балалық шағы Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге  келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті.Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі  ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы  ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игі жақсыларымен бірге Көкшетау сыртқы округының  аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған. Шоқаннын анасы жағынан  туыс нағашылары да осал емес — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар  әулеті болатын. Мұса Шорманов орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны  еді. Шоқанның жақын туыстарының  естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен  білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй  билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен  шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті  болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ  аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері  мен даналық сөздерін жиі айтып  отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай  тілдерінің негізін үйреніп алды. Ол сурет салуды да ерте үйренді. Бұл  өнерді оған орыс суретшілері, топографтары мен геодезистері үйретті. Олар Уәлихановтардың  отбасында жиі болып тұратын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына жиі-жиі қонаққа келіп  тұратын декабристер де ықпал  етті. Олар бәрін білуге құмар жас  баланың бойында ғылымға, әдебиет  пен өнерге деген құштарлықты  күшейте түсті. Шоқан жас кезінен  халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне ерекше ден қойды. Ол бала кезінің  өзінде «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Көкше» сияқты басқа да дастандардың бірнеше нүсқасын жазып алды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

38 респект кто зделает респект и уважуха​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

strelnikov-aa
aleksey7800
stertumasova29
Andrei
zazaza74
sn009
ВитальевичЕвгеньевич346
Pilotmi247074
timeev3160
sveta300856729
Bella Sergei
Kondratchik Vladimir
Mariya987
yulyaderesh
kifstd