antrotip
?>

15 пословиц о родине на казахском языке (можно с переводом можно без)

Казахский язык

Ответы

axo4937
Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас

Отанды сүю – от басынан басталады

Отан оттан да ыстық

Ел іші – алтын бесік

Пәлен жерде алтын бар,
Өз жеріңдей қайда бар

Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы

Туған жердің жуасы да тәтті

Әркімнің өз жері – жұмақ

Ер елінде,
Гүл жерінде

Өз елінде кортышқан да батыр

Өз елінің иті де қадірлі

Ер туған жеріне, ит тойған жеріне

Өз еліңнің қарғасы артық

Бақа көлінде патша,
Балық суында патша.
Жігіт елінде патша.

Туған жердің ауасы да шипа

Ерінен айырылған көмкенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
татьяна1245

Уақыт бұл біздің өтіп жатқан өміріміз. Біз мұны көбіне біле бермейміз. Уақытымыз өтсе қуанамыз. Адамның босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Біз өзіміз уақытты үнемдеп босқа жібермеуге тырысуымыз керек. Мен үшінші сынып оқушысымын. Өз уақытымды құр босқа өткізбеуге тырысамын. Әрдайым сабаққа дайындалып жүремін. Бос уақытымда көркем шығармалар, қызықты ертегілер оқимын. Әртүрлі үйірмелерге қатысамын. Кейде уақыттың қалай зымырап бара жатқанын түсінбеймін. Уақыттың бос өткені өмірдің бос өткені деп бекер айтпаған. Біз уақытымызбен күш-қуатымызды дұрыс жұмсай білуге үйренуіміз керек. Біз үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Себебі алтынды кез–келген уақытта сатып алуға болады. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмаймыз. Әрбір сағатымызды дұрыс өткізіп, әрбір күнімізді дұрыс жоспарлап отыруымыз керек. Алтын уақытымызды жақсы істерге жұмсайық. Өскенде неге мектепте жүргенде уақытымды тиімді пайдаланып оқымадым, деп өкінбейік. Уақыт бізге берілген үлкен сыйлық. Алтын уақытымызды қадірлей білейік.

Semenova

Экипаж (франц. eguіpe – ұжым, команда):

1) көптеген елдердің қарулы күштерінде танк, жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖӘҰМ), ұшақ және т.б. өздігінен жүретін техникаға тікелей қызмет көрсететін бастауыш (төменгі) бөлімше. Экипаж әдетте танкте 3 – 5, ЖӘҰМ-нда 2 – 3, ұшақта 1 – 10 адамнан тұрады;

2) кеменің жеке құрамы. Қазіргі әскери-теңіз күштерінде теңіз күштерінде 1 – 2 дәрежелі кемелерде Экипаж әскери бөліммен теңестірілген;

3) жолаушы таситын жеңіл көліктің жалпы атауы;

4) қазіргі әскери-теңіз күштерінде әрбір флотта, жеке флотилия мен әскери-теңіз базаларында құрылатын жағалаудағы әскери командалар мен әскери қызметшілерді қабылдау, орналастыру, қызмет етуін қамтамасыз ету үшін құрылады.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

15 пословиц о родине на казахском языке (можно с переводом можно без)
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Prokopeva1062
thedoomsdatdcs36
Кристина910
Марина
natkuv7
ak74-81
Blekjek730
perovd8111
Леонтьева
Михайлович_гергиевич315
borzhemskaya19823110
nataljatchetvertnova
Сорокина
Голубева1440
tigo1