andreu420082132
?>

Өтінемін тез арада жазда тақырыбына шығарма керек 100 сөз

Казахский язык

Ответы

smalltalkcoffee5
Жазда күн ыстық болады.Жазда жер жасыл болып тұрады.Ағаштар жемісін береді,қарбыз,қауындар піседі.Жаз мезгілінде адамдар қыдырып немесе демалыс орындарына барады.Жаз мезгілі маған қатты ұнайды.Менде жазда Ақтау қаласына барып қыдырамын.Ол жақта Каспий теңізін қызықтаймын.Аққуларға нан беремін жəне катермен қыдырамын.Басқа да ойынханаларға барамын.Бекет ата басына да барамын.Жаз мезгілі менің ең сүйікті мезгілім.
egamedicalbuh

Әңгіме түрінде:

Мен бір күні балық аулауға әкеммен бардым.Біз бірге балық ауладық.Маған әкем балық аулауды үйретті.Мен қармақты өзен ішіне салып едім бір балық қармағыма ілінді.Мен қатты қуандым.Қарасам өзі алтын түстес балық сөйлеп жатыр.Мен таңғалдым.Алтын балық маған қалаған тілегіңді орындаймын,бірақ мені босатшы деп сұрады.Мен оған 3 тілек айттым.1-ші тілегім Әрқашанда әлемде бейбітшілік орнаса екен

2-ші тілегім Әлемде ешбір адам мүгедек болмаса екен,әрбір адамның дені сау болса екен 3-ші тілек барлық бала бақытты болса екен деп тіледім.Сосын алтын балықты суға жібердім.Әкем екеуміз үйге қайттық.Мен бір күні алтын балық тілегімді орындайды деген ойдамын.

Gennadevna_Baidalina131

Егер мен алтын балық ұстап алсам...

Бір сәт қиялға беріліп, арманның жетегіне еріп, ертегідегідей алтын балық ұстап алсам, қайтер едім? Қандай тілек тілер едім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейінші...

Әрине, қазіргі материалдық қоғамда ең алдымен ойымызға көп ақша келетіні сөзсіз, себебі қалтаңда ақшаң жеткілікті болса, біраз нәрсеге қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Ең бірінші ойыма ақша келгенімен, өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді. Сондықтан мен ең алдымен отбасы мүшелері мен өзімнің амандығымды тілер едім. Бұл – бірінші тілегім делік.

Тағы не сұрасам екен? Келесі кезекте отбасыммен әлем елдеріне саяхатқа аттанар едім. Ел аралап, жер көру, басқа адамдар мен мәдениетпен танысу, әрі ағылшын тілін қолданып, үйрену – менің арманым. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.

Және үшінші тілегім - мектепті ойдағыдай аяқтап, еліміздегі беделді оқу орындарының бірі - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсуді армандаймын. Бұл мені болашақта ғалым болуға бір қадам жақындатады. Аталған оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, білімімді шетелде шыңдап, одан кейін елге оралып, медицина саласын дамытқым келеді

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Өтінемін тез арада жазда тақырыбына шығарма керек 100 сөз
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Малыхин Валерьевна621
Хабаршылар сөзін сөз құрамына талдау​
yusinelnik8
inna-zub
Chuhnin195107364
tochkamail7
milo4ka26
zubov-073620
Shevtsov1818
eremenkou
sahabiev1987
vkorz594
nikomuneskazhu60
Олегович Паутова
Monstr13
marketing6