Болашақ мамандығым – мұғалім.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым мұғалім болу. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.
Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.
Ұстаз – мектептің басты тұлғасы, жүрегі десек те болады.
Жаһандану заманында ұлт¬¬тық бәсекеге барынша қабілетті болудың көр¬сет¬кіші – білім деңгейімен өлше¬нетіндіктен, Елбасымыз мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеді. Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Сәлем Әйгүл!
-Сәлем, Алина!
-Сенің қалың қалай?
- Иә, бәрі жақсы, мен болашақ мамандығым туралы ойлаймын.
-Ия, қызықты, ал болашақта қандай мамандықты қалайсыз?
- Мен дәрігер ретінде оқуға барғым келеді.
-Бұл мамандық сізге нені қызықтырады?
-Мен адамдарға көмектескенді ұнатамын, дәрі-дәрмектермен және маңызды құжаттармен айналысқанды ұнатамын.
- Сіз жауапкершіліктен қорықпайсыз, бұл өте маңызды мамандық, адам өмірімен айналысасыз ба?
- Жоқ, егер мен жақсы дәрігер болсам, олар менің өміріме және денсаулығыма сенуден қорықпайды.
- Жақсы, сәттілік, сау бол.
- сау бол.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Написать на казахском языке как ты будешь проводить своё лето
Я хочу провести своё лето очень интересно. А точнее вот как: я буду кататься на роликах и велосипеде, так же буду кушать мороженное. Буду очень много времени проводить с семьёй. Скорее всего я ещё буду купаться в речке и возможно мы куда-нибудь поедем отдыхать