Шығарма
Күздегі еңбек.
Күз - табиғаттың ең тамаша жыл мезгілдерінің бірі.Бұл мезгілде айнала түгелімен сары кілемге оранып,құстар жылы жаққа ұшып,балалар мектепке барады.Сонымен қатар күзде еңбекпен біте қайнасқан тірлік те көзге айрықша басылады.Халқымыз:"көктемде жерге түскен бір дән - күзді күні мың дән" демекші,егіншілер астығын жинап алып,қыс қамымен жүреді.Малдары бар үйлер төлдерін санамалап,қыстауларын дұрыстап,азығын жинастырады."Малдың төлін күзде сана" деп бекер айтылмаған ғой.Ана-апаларымыз бау-бақшаларындағы жеміс-жидектен шырын жасап,көкеністерді тұздап "қыста жейміз" деп жертөлеге салуға асығады.Ал ер адамдар жағы қыстың аязынан сескеніп көмір,отындарын түсіртіп алады.Осылайша күз өзінің қызба тіршілігімен ерекше.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сөйлемдерді аяқтап, логикалық екпін белгісін қойып жазыңдар.халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын жүннен кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегін, үй мүліктерін қолөнер өмір ағымымен бірге сәндік әшекейлік бұйымдарды қыздар көп тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бірі
Сөйлемдерді аяқтап жазу.
Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа мирас қылып қалдыруда өз үлестерін қосуда.
Жүннен кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын жасайды.
Ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегін, үй мүліктерін арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады.
Қолөнер өмір ағымымен бірге өзгеріп, дамып отырады.
Сәндік әшекейлік бұйымдарды қыздар көп тағады.
Тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бірі болып табылады.