Исакова-Александрович511
?>

Туған тіл - басты байлығым туралы эссе керек ед

Казахский язык

Ответы

Grigorevna23
Туган тил кай ултта , кайтадан елде болсын кастерли , кудиретти. Ол арбир адамга ана сутимен бирге енип, калыптасады. Тил байлыгы - арбир елдин улттык мактанышы. Ол атадан балага мирас болып калып отыратын бага жетпес мура. Демек ар адам ана тилинин козинин карашыгындай коргауга , онын орынсыз шубарлануынын кандайына болса да карсы туруы тиiс.
Олег1105

Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. ( осыған қарап жасап көріңіз)

annanudehead1426
Қысқаша мазмұны: Жиделі-Байсын деген жерде, елі Қоңырат Байбөрі деген бір бай адам болады. Оның Құлтай дейтін ағасында да, өзінде де бала болмайды. Сол Құлтайдың күңінен туған бір баланы асырап, өзіне бала етеді. Атын Ұлтан қояды. Ол өсе келе екеуіне де қорлық көрсете бастайды. Оған шыдай алмаған Байбөрі әйелі Аналық екеуі мал-мүлкінен безіп, тәңірден бала тілеп, әулиелердің моласына түнейді. Ақыры, олар Баба Түкті Шашты Әзиздің шапқатымен балалы болып, ұлының атын Алпамыс, қызының атын Қарлығаш қояды.
Шекті еліндегі досы Сарыбайдың әйелі қыз тауып, атын Гүлбаршын қояды. Байбөрі Сарыбайға құда түседі. Бірақ кейін Сарыбайға  «Алпамыс жалғыз, өле қалса әмеңгері Ұлтан құлға қызым қор болады-ау» деген ой келеді де, өзінің шектілерімен қалмақтың еліне көшіп кетеді. Алпамыс өскен соң  бұл жайтты бір кемпірден естиді де, көп жылқысының ішінен Шұбар дөненді ұстап мініп, қалыңдығын алып келуге қалмаққа аттанады.

Гүлбаршынды іздеп келе жатып, тастағы бір жазуға кез келіп, Сарыбайдың көшіп келген қалмақ елінде Қараман атты ханы Гүлбаршынды зорлап алмақ болып жатқанын біледі. Мұны жазған Гүлбаршын болады. Алпамыс қалмақтармен келе соғыс ашады. Оған шекті елінің адамдары көмектеседі. Бұл хабар Қараманға жетеді. Қараман Алпамыспен өзі соғысып, оның қолынан қаза табады. Басқаларын да Алпамыс жеңіп, Сарыбайдың ауылына келіп, дәстүр бойынша тойдан кейін Гүлбаршынға үйленеді. Атасы Сарыбайды қалмақ еліне хан қояды да, Баршынды алып, өз еліне қайтады.

Алпамыс Гүлбаршынды алуға кеткенде, қалмақтың Тайшық ханы Байбөрінің жылқысын алып кеткен екен, әкесі Алпамыстың алдынан шығып, малының жау алғанын айтып, қатты ренжіс білдіреді. Алпамыс ел-жұртына ата, анасын, әйелін тапсырады да, Тайшық еліне жалғыз жол тартады. Оның аттанып шыққан түні Тайшық хан Алпамысты түсінде көріп, қалай ұстаудың амалын іздейді. Ол амалдарды табушы бір мыстан кемпір болады. Мыстан: «Балама қызың Қаракөзайымды берсең, Алпамысты ұстап беремін», - дейді. Хан қызын беретін болады. Кемпір батырды алдап қолға түсіру үшін 40 отау, 40 қыз алып, Алпамыстың жолын тосады. Кемпір Алпамысқа кездесіп: «Сенің жылқың үшін соғысып, бірдей өлді, жеңгелерің жастай жесір қалды, түсіп, көңілін аула, қонақ бол», - деп алдап үйіне әкеледі де, мас етіп, қолға түсіреді. Байлап алып, өлтірмекші болады. Бірақ атса оқ, шапса қылыш өтпейді. Суға салса, батпайды, отқа салса, күймейді. Сондықтан оны терең зынданға салып, аштан өлтірмекші болады. Бірақ пірлерінің көмегімен ол өлмейді. Атын темір үйге қояды. Жоғарғы 40 қыздың ішінде болған ханның қызы Қаракөзайым Алпамысқа ғашық болып, оны зынданнан құтқарудың амалын ойлайды. Қаракөзайым әкесінен отау және жүз серке сұрап алып, өзінің күтуші қыздарымен қаладан шетірек бір далалықты мекендейді. Қаракөзайым қанша іздесе де, Алпамыстың қайда екенін біле алмайды. Қыздың серкесін бағушы Кейқуаттың бір серкесі Алпамыстың зынданына түсіп кетеді де, сол арқылы Алпамыс пен Кейқуат танысып, ол Алпамысқа күніне бір серке беріп тұрады. Серке таусылғанда, оған серкенің сүйегінен сырнай жасап беріп: «Қыздардың жолына барып тарт, кім жасағанын тек ханның қызына ғана айт», - дейді. Кейқуат Қаракөзайымды зындандағы Алпамысқа әкеледі. Алпамыс: «Мені зынданнан тек Байшұбар шығара алады, соны ал, менің терім сіңген киімімді ішіңнен киіп, диуана болып, жанынан өтсең, тұрған сарайы қандай болса да, Байшұбар бұзып шығады. Кімсің десе, диуанамын, жас күнінде емдеп едім, мені танып тұр де. Хан үйретіп бер дер. Сонда үйретейін, 40 құлаш арқан бер де, сонан кейін мені шығарасың», - деп ақыл береді. Кейқуат солай жасайды. Алпамыс зынданнан шыққасын, Тайшық ханның елін шабуыл жасап, бәрін де жеңеді. Тайшықты да, мыстанды да өлтіріп, Кейқуатты сол елге хан қояды. Өзі Қаракөзайымға үйленеді. Жүрметұз деген қызды Кейқуатқа қосады.

Өстіп жүргенде жеті жыл өтеді. Бір күні түс көріп, Қаракөзайымға еліне кететінін білдіреді. Қыз амалсыз көнеді. Жылына екі рет келіп тұруға уәде беріп, Алпамыс еліне жүріп кетеді.

Алпамыс ел шетіне келісімен, Құлтайдың баласы Тортайға кездесіп, үй ішінің хал-жайын сұрайды. Алпамыс кеткесін Ұлтан құл бар билікті өз қолына алып, қоңырат еліне сұлтан болып, Құлтайды қойға, Байбөріні түйеге, шешесін тезекке, Жәдігерді қозы бақтыруға, Тортайды жылқыға салып, бәріне де қатты азап көрсетеді. «Әйелің Гүлбаршынды алмақ болып, Ұлтан құл отыз күн ойын, қырық күн той жасап жатыр», - дейді. Алпамыс диуана болып киінеді де, бәрін өз көзімен көріп және кімнің дос, кімнің қас екендігін біліп, ақыры, Ұлтанды дарға асып, оны жақтаушыларды жазалайды. Ұлтаннан зәбір көрушілерді мүсіркеп, Ұлтан билеген кезде, тарап, тоз-тоз болып кеткен қоңырат елінің басын қосады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Туған тіл - басты байлығым туралы эссе керек ед
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*