АнтонАртем
?>

Окылым жане тындалым материалдары негизинде деген тужырымды бойынша далелдеп жазындар

Казахский язык

Ответы

fedserv

"Қазақ тілі - бай тіл" (ПОПС формуласы бойынша).

Менің ойымша, Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі.

Мен оны былай түсінемін: Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!

Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.

Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын: Оралымды ырғақты, теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл -  ең басты байлығымыз.

jaksonj326

Махамбет ақын намысты оятатын, жігерлі жырлары арқылы елді қарулы күреске шақырды. Сондай жалынды өлеңдерінің бірі – «Мен, мен, мен едім» толғауы. Оны әйгілі Баймағамбет сұлтанға арнап айтқан. Жалпы, ақынның халық қамын ойлап-толғаудан туындаған патриоттық идеялары осы Баймағамбетке айтқан өлеңдерінен айқын аңғарылады. Махамбет «Мен, мен, мен едім» толғауында қоныс-мекенінен айрылып, жерсіз қалған елге атамекенін қайтарып, «жағалай жатқан сол елге мал толтыруды», «Қара қазан, сары бала қамы үшін» қолға қару алып күреске шығып, «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгеруді» мақсат еткенін тебірене жырлайды. Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің де түпкі идеясы осы еді. Махамбеттің «Арқаның қызыл изені-ай» өлеңін академик Қажым Жұмалиев 1938 жылы халық арасынан жазып алған. Туындыда ел ішіндегі ынтымақ-бірлік, адамгершілік-кісілік мәселелері қозғалады. Насихат, үлгі-өнеге сарынында шығарылғандықтан, халықтың кейбір келеңсіз мінездері мен қасиеттерін сынға алады. Мысалы, ««Кәрісі кімнің жоқ болса, Жасы болар дуана» деп, ақыл-кеңес беріп, кезегі келгенде өзінен шыққан тентек-бұзақыларды тыйып отыратын ақсақалдың, ауыл ағасының азайып бара жатқанына өкініш білдіреді. Тегінде тәрбие көрмеген кейбіреулерден «Бір сынаған жаманды, Екіншілей сынама!» деп түңіледі. Соңында «Тірісінде сыйласпаған ағайынды өлгенде құрметтеудің қажеті шамалы» деген түйінді ойға тоқталады.

Yezhov_igor42

Өткен жұмада деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншыр орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандарда темір тордың ішінен орын алыпты. Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайраттырып отыр. Қазақ киелі санаған құстың жез таңдайлығына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің саяхатымыз осылай аяқталды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Окылым жане тындалым материалдары негизинде деген тужырымды бойынша далелдеп жазындар
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Александровна-Павловна
badalovao256
Некрасова-И
omigunova39
aleksey7800
Викторович
Skvik71
innesagrosheva22
Kuznetsova702
afoninia
magazin3000
Дементьева-Артем1315
vova00831
violetta152028
delo1005