Vladimirovna-Ignatenko1890
?>

По казахскому написать 6 предложений про семью используя правило рай? !

Казахский язык

Ответы

salahovta

ахахахахахахауцкцацуцк

arionul-secondary2

Объяснение:

Аспан, аспан күмбезі – бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, жұлдыздар, т.б. аспан шырақтары бізден өте қашықта болғандықтан, олардың ара қашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтағандай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шашырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді. Аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар – аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар, т.б.) кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі – діни нанымдарынан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шырайлы жер іздеп, ен даланы сыпыра көшкен халық, көктегі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикештерді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен. Аспанның солтүстік жартысындағы жұлдыздардың тәуліктік көрінерлік қозғалысы Жетіқарақшы аңызына арқау болды. Темірқазық – қозғалмайтын полярлық жұлдыз. Құрамындағы жұлдыздардың кейбіреулері шұбатылған арқан тәрізді, ал екіншілері арқандаулы атқа ұқсас. Олар Темірқазықты үнемі айнала қозғалады. Бұлардың сыртын ала, арқандаулы аттарды торуылдап, Жетіқарақшы айналады. Көкжиектен төмен түспей түні бойы айналып жүретін бұл жеті жұлдыздың қозғалысы, күндіз тасаланып, түнде ұйқтамай, қолайлы сәтті күтетін ұрының әрекетіне ұқсайды. Аңыз желісі бойынша Жетіқарақшы – Қырыққарақшының (сол маңдағы майда жұлдыздар) барлаушысы. Олар Вега мен Капелла жұлдыздарындағы батырлардың аттарын (Ақбозат пен Көкбозат) қолға түсіріп алмақшы. Шынында да Вега мен Капелла – аспанның Солтүстік жарты шарындағы көзге түсетін батырларға лайық жарық жұлдыздар. Жетіқарақшының топ басшысы қыранқарақшы (Мицар) Үркердің қызы Үлпілдекті (Алькор) мінгестіріп алған. Үркер Жетіқарақшыдан үнемі қашып жүреді. Өйткені егер Жетіқарақшы Ақбозат пен Көкбозатты ұстап мінсе, Үркердің Сүлусарысын (Альдебаран) ұрламақшы. Бұл аңыздан көшпелі ел тұрмысының сарыны байқалады. Ежелден белгілі Үшарқар-Таразы шоқжұлдызы жөніндегі бір аңыз Маралбай есімді аңшының тағдырын суреттейді. Ол биік шың басындағы жартаста тұрған үш арқарға оқ атып барып аяғы сәл тайып кетеді. Алтындалған жалпақ белдігі үшкіл тастың біріне оралып қалады. Мерген сол белдіктен ұстап қайта шығады. Белдігін қайта тағып, жоғары қарағанда таудан да биіктей қашып, аспанға шығып кеткен үш арқарды, атылған мылтығынан шыққан көк түтінді көріп санын соғады. Содан бастап ол үш арқар түн мезгілінде көктен шоқжұлдыз болып көрінетін болыпты. Бүркіт шоқжұлдызын да қазақ халқы ерте аңғарған. Бір аңызда аңшы жігіт арқардың киелі құлжасын (қошқарын) атамын деп өзі қапыда терең құзға құлайды. Сол замат томағасы сыпырылған Бүркіт ұшып шығып, қос қанатын жігіттің астына тосады, шама-шарқы келгенше демеп, құз түбіне жете бере тайқып ұшып, қайта көкке көтеріліп кетеді.

Барлық құқықтар қорғалған.

zagadka27

ответ:Мен сыртқа шығып кеткенімде үйге әлдекім келіп мені сұрапты.

Сондағысы маған бірдеңе бермек ойы болыпты, бірақ өзіме табыстамақ болған соң қалдырмай кетіпті.

Кейбіреулер сіздің бұл пікіріңізбен келіспеуі мүмкін.

Кешкі ас уақытында анамды әлдене алаңдатып отырғанын байқадым.

Әркімнің бұл мәселе бойынша өз пікірі бар.

Аман үйге кіре бергенінде артынша біреу есік қақты.

Бұл ұлан байтақ дархан дала - менің туған жерім, Отаным, Қазақстаным!

Осынау асқар Алатау, тау басынан сылдырап аққан су, жайқала өскен жасыл желек, жарқыраған күн мен көк аспан - мұның бәрі (жалпылау есімдігі) туған жерімнің әсем табиғатының тек бір көрінісі ғана.

Қазақстанның әр аймағында ауа райы да әр (белгісіздік есімдігі) түрлі болады.

Өздеріңіз білетін Шарын шатқалына ұқсас жер әлемде кемде – кем.

Әлдеқайдан елімізге шетелдік қонақтар келе қалса, мақтанып көрсететін жерлер тізіміне Көкшетауды қоссақ болады.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

По казахскому написать 6 предложений про семью используя правило рай? !
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

kapitan19
vedaikin
yuklimochkina3
Vasilii1891
burylin9
shturman-765255
MislitskiiSergei1403
gbnn90
aistenok-28
amayonova
ziyaevak
Bulanova
gernovoy
vova00831
Zashchitin Denis