grigoriev8
?>

Эссе на тему какая польза от электроных книг на казахском языке

Казахский язык

Ответы

academycoffee243

2013 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде әлемдік трендтерден қалып қоймау үшін электронды оқуды жылдам игеруді қамтамасыз ету туралы айтты. Себебі, қазіргі таңда электронды оқыту жүйесі өте жоғары қарқынмен дамуда деген болатын. Осыған орай, көптеген білім беру мeкемелері мен жалпы үкімет жүйесінде электронды оқулықтар мен кітаптар пайда болды. Бүгінде кез келген кітап дүкені мен оқу орындарында компьютерлік жүйеде қалыптасқан басылымдарды кездестіреміз. Жаһандану үрдісіне сай электронды басылымдар күннен-күнге дамып келе жатыр.  

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұлов бүгінгі күні электронды оқыту жобасымен 581 ұйым қамтылғанын тілге тиек етті. Оның ішінде мемлекеттік білім бағдарламасына сәйкес 2015 жылы осы жобаға білім беру ұйымдарының 50%-ын, 2020 жылы 90%-ынан астамын қосу қажет екендігін баяндады. Бұл дегеніміз болашақта еліміздe көпшілік тұрғындар электронды оқыту жүйесін пайдаланатын болады.  

 

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында кредиттік жүйе екені белгілі. Осыған байланысты, университет қабырғасындағы студенттердің көбісі электронды кітапханаларды пайдаланады. 2009 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарының ректорлары және Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы бірлесе отырып студенттерге арнап республикалық кітапхана құрды. Аталмыш ауқымды жүйе 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз қызметін көрсетіп келе жатыр. Кітапхана қоры ай сайын жаңа материалдармен толығып жаңартылып отырады. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған электронды кітапханасында пайдалы әрі маңызды оқулықтар бар. Сонымен қатар, сауатты әрі қатесіз жазылған басылымдарды қамтиды. Электронды түрдегі оқу құралдары PDF, DVJU, HTML форматында болып келеді.  

 

Қазіргі уақытта 74 университетте электронды кітапхана құрылып, 50 000 мыңнан аса білім беру ресурстарына қол жетімді болып отыр. Мұның бәрі жоғары оқу орындарындағы ұстаздарға, студенттерге, магистрант, докторант және басқа да заманауи ақпараттық білім беру ресурстарын қолданатын жандарға арналып ойлап табылды. Осы арқылы білім беру жүйесіндегі электронды оқыту жүйесін алға жылжытпақ. Мұнда қажетті оқулықтармен қатар, журналдармен басқа да пайдалы материалдар қамтылған. Оның ішінде басқа елдердің үздік авторларының туындылары мен шығармалары да бар. Бұл университет қабырғасында білім алып жүрген шәкірттердің керек материалдарын кедергісіз алуға мүмкіндік туғызады. Осындай жүйені қолданысқа енгізу үшін 2009 жылы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаевтың меморандумға қол қоюы мұрындық болған еді. Осының арқасында қазіргі таңда республикалық электронды кітапхана құрылып өз жұмысын атқарып келеді.  

 

Уақыт өте келе техника мен ақпараттық жүйе дамып келеді. Қағаз басылымдардың орнын электронды кітаптар басуда. Мысалы, ikitap.kz, el.kz сайттарындағы электронды кітапханаларды атап өтуге болады. Дегенмен, бұл кітаптар мүлдем жоғалып кетеді деген сөз емес. Өйткені, ғасырлар бойы ата-бабадан мұра болып келген асыл қазына ешқашан өз қасиетін жоймайды. «Кітап ─ ең сабырлы ұстаз» деп тегін айтпаса керек. Ежелден жер бетіндегі сан мың сұрақтың жауабын кітаптан табуға тырысқан. Себебі, оның адамзатқа берер пайдасы мол.  

 

ganna1790

«Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек кезі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние. Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші белімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарык көрді. Ә. Диваев жинаған Ж. Басығарин нұсқасы X. Досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте, Н. Төреқұловтың алғы сезімен 1924 ж. Мәскеуде жарияланды. Бұл басылымдарда Нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды: көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті. Е. Ысмайылов пен Қ. Бекхожин Кенесарыға тіл тигізетін бұрмаланған жерлерді алып тастап, Нысанбайға тән үлгімен жырланатын нұсқаны 1940 ж. өздері құрастырған «Батырлар жыры» деген көлемді жинаққа енгізді. Жырдың түпнұсқаға жақыны 1875 ж. нұсқа мен толық та көркем үлгісі - 1938 ж. ҚР ҰҒА фольклор экспедициясының торғайлық Қашкынбай Қараевтан жазып алған нұсқа. Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды. Тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты туған басқа шығармалардан озық, «жырда тарихи мәні бар жекелеген оқиғалар шындықпен баяндалады», шығармада суреттелген жайттар көтеріліс кезінде болған окиғалардан алшақтап кетпейді. Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің ескі мұра атаулыға қарсы саясаты бұл бағалы тарихи жырды жарты ғасыр уақытқа дейін жылы жауып қоюға мәжбүр етті де, еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты «Кенесары-Наурызбай» жыры да халқымен қайта кауышты. Нысанбай ақыннын бұл жыры «Хан кене» жинағы (1993) мен «Қазақ халык әдебиеті» көп томдығының Кенесары-Наурызбай көтерілісіне арналған тарихи жырлар топтастырылған 17-томына (1996) енгізілді. Әуезовтін, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихымен терең таныс болғандығын 1924-25 жылдары жазылып, 1927 ж. баспадан шыққан «Әдебиет тарихы» оқулығында «Кенесары-Наурызбайдың» қысқаша әңгімесі» және «Кенесары жырының мәнісі» атты тараушалар жазып, алғашында жырдың оқиғалық ағымын, сюжеттік құрылымын зерттеп, екіншісінде жырды көркемдік тұрғыдан терең талдағанынан көреміз. Әуезовтің тағдыры қиын болған шығармаларының бірі - «Хан Кене» пьесасы. Пьесаны да Әуезовтің «Кенесары-Наурызбай» жырындағыдай ұлт-азаттық қозғалыстың соңына, қырғызбен болған соғысқа арнаған. Окулықта жырдың фабуласына, сюжетіне шолу жасалып, мазмұны айтылған. Әуезов мұнда суреттелген оқиғаларға қатысты өзінің көз- қарасын сездіре отырып, Нысанбай жыраудың ұлт-азаттық көтерілісінің жыршысы ретіндегі акындық, адамдық бейнесіне де баға береді, өз ойын білдіріп отырады. Жырдың көркемдік ерекшеліктеріне катысты терен ойлар айткан. Жалпы тарихи жырлар туралы, оның ішінде Нысанбай жыраудың шығармашылығы туралы кейінгі жылдардағы зерттеушілердің «Кенесары-Наурызбай» жырына қатысты ойлары Әуезов ойларымен толықтай үндеседі. Әуезовтің 1924-25 жылдары айтқан «Кенесарының қайғы-екінішімен біткен жорығы қазақ баласының барлығына да қадірлі, қасиетті әңгімедей болып көп жайылған. Бұл жырдың көп жайылуына екінші бір себеп болған нәрсе - Кенесары ісінің өзге батырлардың ісінен әлдеқайда ірі, әддеқайда көлемді оқиға болғандықтан туады» деген ойлары Кенесары тұлғасына да, Нысанбай жырына да берілген әділ баға. Әуезов еңбегінде Нысанбайдың шығармашылық бейнесі терең талданып, Абылай хан заманындағы Бұқар жыраудың шығармашылык қызметінің өзіндік ерекшеліктерімен салыстыра көрсетілген. Бұқар жырауға қарағанда Нысанбайдың қолдың ішінде жүрген, әскердің барлық қиын-қыстау соғыстарының басы-қасында жүрген жыраудың

mantseva

Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.

Объяснение:

Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Эссе на тему какая польза от электроных книг на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Andreevna_Grebenshchikova155
Dmitrii_Shamilevich2019
nikitavertiev98400
baumanec199613
akuznecov8989
sancity997124
kv135549
Sadikova Gavrikov
Мусаев Игоревич371
shakmeev
Kochetova92
marimelons795
SAMSCHOOL96
Попов1946
dawlatowajana