Mnatsovna
?>

Написать про сваю маму по казақ всё хорошое

Казахский язык

Ответы

Salnikov1730

Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Ана – жүрек, жүректі құдіретте. Ана – тірек, тіректі құрметте, Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет. Ана – күнің, күніңе табынып өт. – деп жырлағым келеді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

Романенко

Ана баласын жарық дүниеге әкеліп, өмір бойы жетелейтін ең қымбат жан. Менің де анам мен үшін әлемдегі ең қымбат адам. Мен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, әрқашан жанымнан табылып ,ақылын, мейірімін аямайтын адам.

martabunova
Менің отбасымда бес адам бар. Әкем, анам, екі інім, бар. Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз. Менің ата-анам менің біліміме риза. Олардың маған тілейтіні ары қарай жақсы оқуым. Менің ата-анам мейірімді. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Мен анама үй жинасуға көмектесемін, ыдыс жууға көмектесемін, інілерімді бағамын. Өз отбасыма көмектесуге әрдайым дайынмын. Отбасыммен серуенге шыққанды ұнатамын. Біз әр мейрамды және де әр туған күнді бірге тойлаймыз. Біз отбасымызда тату-тәтті тұрамыз. Менің отбасым ең үлгілі отбасы. Атам-әжем менің әкемнен басқа балаларымен және немерелерімен бірге тұрады. Атам мен әжем маған ақылдарын айтып, әрқашан мейірімді, сыпайы бол,-дейді. Мен үлкен адамға, жол беремін. Мен әжемнің арқасында барлық әдептілік пен әдемілікке үйрендім. Мен атам мен әжемді жақсы көремін. Демалыс күндері  бауырларыммен бірге ата-әжемнің үйіне барып тұрамыз. Демалыс күндерде інілеріммен далаға шығып ойнаймыз. Мен өз отбасыма ризамын. Әкем мен анам және бауырларым ауырмасын, аман болсын деп тілеймин. Менің отбасымды мақтан етемін.
 
Yelena642

Қояндар – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар.

Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болады. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;

Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді.

Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Написать про сваю маму по казақ всё хорошое
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Kozloff-ra20146795
xsmall1
deniskotvitsky56
Kolosove5465
Татьяна
AkulovaAnastasiya
delta88
zloshop9
sayfullinmr
Спивак
Vasilevna_Shabanova1502
info2471
Yevgenii_Gurtovaya1532
Pastushenkoen
alexseyzyablov