Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды -
Күйбендескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге
Жетер-жетпес су еді -
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңірі етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мұражай, мәдениет, қалам фонетический разбор
Мұражай – 3 буын: мұ – ашық, ра – ашық, жай – бітеу
М – дауыссыз, үнді;
ұ – дауысты, жуан, қысаң, еріндік;
р – дауыссыз, үнді;
а – дауысты, жуан, ашық, езулік;
ж – дауыссыз, ұяң;
а – дауысты, жуан, ашық, езулік;
й – дауыссыз, үнді;
Мәдениет-4 буын: мә - ашық, де - ашық, ни - ашық, ет - тұйық
М - дауыссыз, үнді
ә - дауысты, ашық, езулік, жіңішке
д - дауыссыз, ұяң
е - дауысты, ашық, езулік, жiңiшке
н - дауыссыз, үнді
и - дауысты, қысаң, езулік, жiңiшке
е - дауысты, ашық, езулік, жiңiшке
т - дауыссыз, қатаң
Қалам-2 буын: қа - ашық, лам - бітеу
Қ - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
л - дауыссыз, үнді
а - дауысты, ашық, езулік, жуан
м - дауыссыз, үнді