Бүгін менің досымның туылғын күні. Ол мені және басқада достарымызды шақырды. Мен қандай сыйлық алып баратынымды білмедім. Қымбат сыйлық ол адамның өз қолынан жасалған сыйлық. Сондықтан мен өз қолымнан ашықхат жасап алып барамын. Әдемі етіп ашықхат жасадым. Сосын оның үйіне бардым. Барсам көбі әлі келмепті. Сондықтан басқаларын күтіп отырдық. Біраз уақыттан кейін достарымыз келді. Біз ойнадық, күлдік. Сосын досымның анасын шақырды тамақ жесін деп. Тамақ өте дәмді болған. Тамақ жеп болған соң анасы торт пен балмұздақ алып келді. Бәріміз құттықтадық. Сол кезде бәрі сыйлықтарын берді. Менде қалыспай бердім. Торт жеп болған соң үйге қайтайық дедік. Сөйтіп үйге келдім. Сосын анама қандай қызықтар болғанын байтып бердім.
Galkin Vladimirovich729
28.03.2022
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите на казахский эти слова : великий; талантливый; сочинял; создавал; творил; гениальный; писатель; классик
Талантливый-талантты
Сочинял-құрастырды
Создавал-құрды
Творил-істеді
Гениальный-тамаша
Писатель-жазушы
Классик-классика