ас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген а екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата — бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл — ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
"парасатты болашақ"эссе 150-200 слов
Қазақстанның болашағы қазіргі жастардың қолында. Оны Елбасымыз өз жолдауында анық айтып көрсетті. Біздің Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының мәні де, маңызы да бөлек. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі асуға бет алуын көрсеткендей әсер қалдырды. Елбасы даму көкжиегімізді 2050 жылға дейін ұзартып отыр. Ел Үкіметі мен халықтың алдына нақты міндеттер қойды. 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру жоспары белгіленді. Бұлар құрғақ қиял емес, барлығы да ғылыми негізделген, қаржылық және кадрлық ресурстармен тиянақталған қол жетер армандар. Көптің ойына келмеген бастамалар көтеріп, тұтқиылдан тосын шешімдер қабылдау және соған жұртшылықты жұмылдырып, тиісті нәтижеге қол жеткізу – Елбасының өзіндік машығы, ойының озықтығы. Кезінде ел ордасын көшіру, 2030 стратегиясын іске асырып, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру сияқты өршіл бастамаларды ойлана қабылдағанымыз рас. Бірақ, өмірлік ақиқаттар қабылданған шешімдердің дұрыстығын дәлелдеп отыр. Бұл ретте алға мақсат қоя білудің және ол мақсатты дұрыс қоя білудің маңызы зор. Елбасының сөзімен айтқанда, «Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді». Қазақстанның осы кезеңдер ішінде қол жеткізген жетістіктерінің барлығы да тәуелсіздіктің арқасында болып жатқаны даусыз. «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылғандай, «Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз». Сондықтан да, халқымыз үшін Тәуелсіздік ең үлкен құндылық болып қала береді. Алға қойған мақсат, стратегиялық даму жоспарлары да, ел халқының ерік – жігері мен күш – қайраты да ел тәуелсіздігін баянды етуге жұмылдырылды.
Тәуелсіздіктің басты бір тірегі – мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Жолдауда «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.
Ел дамуының келесі кезеңіне бағыт алған тұста мемлекеттік тіл – қазақ тілінің жай-күйі қалай болады деген сауал әркімді де қызықтыратыны анық. Стратегияда бұл мәселе де ерекше аталып өтілген. Елбасы бұл Жолдауында қазақ тілінің алдағы уақыттағы тағдыры туралы көпшілікке қарата: «Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.
Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі.
Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігін ұмытып қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамайық. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы біздің қолымызда. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын деген болатын». Біз, жастар кез келген сынаққа дайын болып, бәсекеге төтеп беруіміз керек. Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Ендігі кезек “жастарда” яғни бізде. Біз, өз отанымыз Қазақстанды жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуіміз қажет. Сонда ғана бойымызда патриоттық сезім пайда болады. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру сіздердің, яғни, болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. «Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өсіп келе жатқан ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық - саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз.
Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау, еліміздің жарқын болашағына үлес қосу әрбір саналы да білімді жастарымыздың қолында.
«Қазақстанның жарқын болашағы – біздің, қазақ жастарының қолында!».