Астана
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
"Астанаға ақ бата" Дихан Әбілев
Таңғажайып дарқан да алып жеріміздің нақ ортасы – кіндігі сенсің, Астана!
Тәңірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс - құт сұраған еліміздің баспанасы – түндігі сенсің, Астана!
Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің сыңғыры да сенсің, Астана!
Тұтас еліңді қуантқан, алыстан мейман шұбатқан – тұсаукесер тойыңда айтылмас тілек болар ма, батагөй шалдың ниеті жүрекке барып қонар ма?
О, Астана – ақ қала, жаңа қала, жас қала! Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің сыңғыры да сенсің, Астана!
Тұтас еліңді қуантқан, алыстан мейман шұбатқан – тұсаукесер тойыңда айтылмас тілек болар ма, батагөй шалдың ниеті жүрекке барып қонар ма?
О, Астана – ақ қала, жаңа қала, жас қала!
Өріп шықсын өзіңнен бақыт, байлық, бастама!
Көрген өмір азабын алақандай қазағың еркіндесін, ел болсын, беттен қақпа, жасқама!
Еңсең өссін күн санап, елің өссін жыл санап.
Шығармасын есіңді, қайтармасын сесіңді Уақыт деген құмсағат.
Алла жар боп алдыңнан Аппақ күнің лауласын, дос - туысың көп болып, жақындассын жауласың!
О, Астана, айналдық! Біздің соққан жүрек – сен. Қадамыңа нұр жаусын ақ батадан, тілектен! Әумин!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Текст на казахском языке с сын есем про актау
Қазақша шығарма: Ақтау қаласы Успей купить iPhone 7 по смешной цене: распродажа! Осталось 15 штук Ақтау - Қазақстандағы ең ерекше қала Маңғыстау облысының орталығы саналатын Ақтау қаласының бұрынғы атауы Шевченко болатын. Қала атауы 1991 жылы өзгерді. Касспий жағасында орналасқан әсем қала - газ бен мұнай өндіретін өнеркәсіп орталығы. Ақтау қаласы Қазақстанның өзге қалаларынан өз көшелерімен ерекшеленеді. Бұл қалада көше атаулары жоқ. Ақтау көшелері ықшам аудандармен бөлінеді. Қаланың 36 ықшам ауданы бар. Қалалық мекен-жайлар телефон нөмірлерімен ұқсас болып келеді. Мысалы, мекен-жай атауын қысқа 15-25-33 деп атайды. Яғни, 15-аудан, 25-үй, 33-пәтер. Атау берілген екі даңғыл бар, ол қала орталығындағы Бірінші Президент пен Тәуелсіздік даңғылдары. Ақтау ықшам аудандарындағы тұрғын үй шатырында орналасқан шамшырақ қаладағы назар аударатын мекеннің біріне айналды. Қала тұщы сумен қамтылған. Табиғи минералды суға тұщы теңіз суынан өндірілген дистиллят қосу арқылы тұщы суды өндіреді. Ал қаланы электрэнергетикамен әлемдегі алғашқы жылдам нейтрондағы АЭС қамтамасыз етеді