rimmatrotskaia303
?>

Небольшой рассказ о дружбе животных, наподобие "волк и белка", на казахском языке.

Казахский язык

Ответы

Okunev1034

Біздің ғаламшарымызда өте көп жануарлар бар.Олар сөйлей алмағанынмен олар бірін-бірі өз тілдерімен сөйлеседі.Және топтасып тіршілік етеді.Азық табуға үлкендері шығып қалғандары ұяда не болмаса тұратын жерлерінде қалады.Олар азыққа шыққан сайын бос қайтпауға тырысады.Біреуі жан-жақты қарауылдап тұрса қалғандары азықтарын қолға түсірудің амалын тауып,қақпанға түсіреді.Олар топтаса жүріп азықтарын да табады, жауынан да қорғанады.

Konstantinovich alekseevna993

«Ана» деген сөзді есту, оны іштей қайталау, сыртқа шығарып айту керемет сезім.Сіз барсыз. Сіз тірісіз. Сіз дүниеге келдіңіз. Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң. «Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ. Әкеңіздің қабағын бағып, үйдің берекесі болып отырған ананың адамзат үшін алаңдап отыратыны тағы бар. Олар үйдің ғана емес, түздің де адамы. Қандай жұмыс болса да, қандай қиынық болса да көтеруге дайын. Өйткені олардың жанын нәзік жүрегін беріп етіп жаратқан. Ана екеу емес біреу ғана. Ал жалғыз дүниенің екінші рет қайтып келмейтінін, біреудің бірнешеу болмайтынын түсінсеңіз жақсылық жасаңыз. Көз жасын күлкіге, мұңын қуанышқа, жабырқаса жұбатып, сағынса қасынан табылыңыз. Ол міндетіңіз.

Ана бір қолымен әлемді бір қолымен бесікті тербетуші жер бетіндегі ең қасиетті адам. Оның алақаны тікеннің өзін жұмсартып, асаудың өзін жуасытар құдіретке ие. Жүрегінің кеңдігі сондай өз баласына ғана емес әлемнің баласына орын бар. Өйткені ана мен бала бір-бірі үшін жаралған қос сөздегі бір ұғым.

detymira

лпамыстың отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін болып көрінуі халықтың ешқашан жойылмайтын, жаңсылықтан үмітін үзбейтін дәл осындай ел перзенті болса дейтін аңсарынан туған.

Батырдың туған жері жайлы да нақты мәлімет жоқ. Деректерде Алпамыстың қазіргі Жиделі-Байсын аймағында ғұмыр кешкені айтылады. «Алпамыс батыр» жырында да осы жерлер туралы мәлімет бар. Енді бір қызығы, Қызылорда облысының Шиелі өңірінде Жиделі және Байсын деген жер-су атаулары бар екен. Тарихшыларымыз Алпамыс батыр осы аймақта өмір сүруі мүмкін деген деректер келтіріп жүр. Алайда, бұл нақты мәлімет емес, болжам ғана.[2]

“Алпамыс батыр” жыры ел арасында замандар бойында айтылып келгенімен баспа жүзін алғаш рет 1899 ж. (“Қисса И-Алпамыш”, Қазан) көрген. Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан. Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп орысша мазмұнда бастырған атақты фолькоршы Ә.Диваев. Ол бұл жырдың бір нұсқасын қарақалпақ бахшысы Жиемұрат Бермухамедовтан, тағы бірер нұсқасын Шымкент оязының тұрғыны Е.Ақылбековтің қолжазбасынан алған. Кеңес жылдарында өзге де батырлық жырларымен қатар “Алпамыс батыр” сан рет қайта басылды. Оның тарихи, көркемдік мәні мен орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды. Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскидің түрік батырлық эпосы туралы монографиясын айрықша атап өтуге болады. “Алпамыс батыр” жырының дүние жүзіне мәлім болуына осы аталған еңбектің пайдасы зор болды.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Небольшой рассказ о дружбе животных, наподобие "волк и белка", на казахском языке.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Дмитрий-Олейникова
Igor1406
vshumilov
tabacoffee
Aleksandrovich1075
docvet4
Svatela37
Егорова
avanesss
nelli-bi6
Александрович_Викторовна
inikonovich
oniks-plus
Gera8061
lele52