artemy682719
?>

Мини сочинение на тему қала мен ауыл

Казахский язык

Ответы

dimon198808744
- **Ауыл адамдары** қала адамдарына қарағанда - қазақи. 
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы...барлығы сақталған...
- **Ауыл адамдары** ерте ұйықтап, ерте тұрады.
- **Қала адамдары** кеш жатып, кеш тұрады. 
- **Қалада**ғы тіршілік үнемі қызу үстінде. Күні-түні қозғалыс! Адамдары да соған бейімделген.
- **Ауылда** тып-тыныш...таза ауа...тамаша табиғат...қорада мал) Адамдары да соған бейімделген.
Ауылда тұратын адамдар үшін - қалада тұру қиын.
Ал қала тұрғындарына - ауыл тіршілігі қиын.
Сонымен қатар, ауылда көп нәрсені өздері қолдарымен жасайтын болса, қалада дайын затты сатып алады. Сосын...мінездерінде ерекшеліктер бар.
- Ауылдың баласы - жуас, момын, денелі.
- Қаланың баласы - елгезек;  қағылез; (шустрый), нәзік.
**Барлығы бірдей ЕМЕС, әрине! Бірақ көп жағдайда осылай болады! Сосын...бұл тек менің көзқарасым!*
Rizhov Alekyan325
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады.
osandulyak

Ана туралы.

Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін! Біз неше жасқа келсек, анамыздың жүрегі елжіреп, біз оларға әрдайым сәби болып қала береміз. Ал ақ жаулықты аналарымыздың қадірін өзіміз балалы болғанда да түсінеміз. Себебі, әрбір ананың жүрегі баласы десе елжіреп, жаны ашып тұрады. Неше жасқа келсек те, әрқайсымызға ана керек. Сондықтан аналармызды аялап, әрдайым қастарынын табыла білейік. Бұл ретте "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"деген өлең сөздері өте дәл тауып айтылған деп ойлаймын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мини сочинение на тему қала мен ауыл
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*