--Сен сабаққа уақытында келесің бе ?
--Мен сабаққа уақытында келемін.
--Қандай пән саған ұнайды ?
--Маған қазақ тілі пәні ұнайды.
--Неге ?
--Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақ тілі біздің мемлекеттік тіліміз.
Сондықтан маған қазақ тілі пәні ұнайды.
--Сабақты түсінбесең не істейсің ?
--Сабақты түсінбесем мен мұғалімнен қайта түсіндіруді сұраймын.
--Үй тапсырмасын уақытында орындайсың ба ?
--Үй тапсырмасын мен уақытында орындаймын , менің күн тәртібім бар.
--Сабақта қандай бағаны жиі аласың ?
--Сабақта төрт пен бес бағаны жиі аламын.
--Сабақтан себепсіз күндерің болды ма ?
--Сабақтан себепсіз күндерім болған жоқ.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Арлығаш құсына матин құрау. ангимелеу, сипаттау жане пайымдау болу керек.
Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.
Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.
Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлы¬ғаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады