Бірнеше ғасыр бұрын ағасы мен інісі бірге тұрыпты . біраз уақыт өткеннен кейін олардың бірге тұрғылары келмей,жеке тқруды ұйғарыпты , Ағасы мен інісі бар мүліктерін бөліске салады сонда біреуіне қойманың бір бөлмесі, келесісіне екінщі бөлмесі түседі , сол уақыттан бері бөлек тұра бастайды ,Алайда інісі бар алған өнімін білдіртпей ағасының қоймасына салады,Өйткені оның ағасына жаны ащыйды ,Ағасының әйелімен бар еді . ал ағасы болса інісіне жаны ашып бар жынаған өнімін жасырын түрде інісінің қоймасына апарады. Осылай біраз жыл өтеді. Осы әңгімеге қарап ағайындыладың бір біріне деген қамқорлығын көруге болады.
PopovViktorovna
14.01.2022
" Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді.