larisau41
?>

Кластер на казахском на тему отырар

Казахский язык

Ответы

mmihail146
Отырар медресесі – Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны. 8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді. Оларға бесінге дейін сабақ берілсе, бесіннен кейін медресе жұмысына салынды (аула сыпыру, ас пісіру, бау-бақша суару, т.б.). Ал екіндіден кейін шәкірттер өз жұмыстарымен айналысты. О. м-нде алғашқы 5 жылда сол заманғы әлемдік үш тіл: түркі-қыпшақ, парсы, араб тілдері оқытылды. 5 жылдан кейін шәкірттерге діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия, музыка, т.б. ілімдер бойынша жан-жақты білім берілді. Тіпті бұрнағы заманда жойылып кеткен әліппелер (мыс., Финикия әліппесі) үйретілді. О. м-нде ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби оқығанАудан тұрғындарының негізін осы өңірдің байырғы халқы – қазақтар (99,7%) құрайды. Халық негізінен Сыр бойы және ауданның шығысындағы Арыс өзені аңғарында қоныстанған. Тұрғын халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,0 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шәуілдір (8,8 мың адам), Темір (4,3), Көксарай (4,2), Арыс (3,0), Балтакөл (2,9), Маяқұм (2,6) т.б. Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған. 1996 жылға дейін етті-сүтті бағыттағы 8 кеңшар, 1 асыл тұқымды мал зауыты болған. Бұрынғы кеңшарлар негізінде аудандағы барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 3420-ға жетті (2003). Оның ішінде заңды тұлғалар саны 487, жеке тұлғалар 2933, шаруа қожалықтары 2569, жеке кәсіпкерлер 364. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1692 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 15,8 мың га, көп жылдық ағаштар 256 га, шабындық 15,5 мың га, жайылым 16,48 мың га болды (2003). Ауданда өнеркәсіп өндірісінде 13, ауыл шаруашылығында 590, құрылыста 1, көлік және байланыс саласында 3, саудада 180 және басқа кәсіпкерлікпен айналысатын 16 шаруашылық субъектілер тіркелген (2003). Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2003 жылы егіс аумағы 15,8 мың га болды; оның басым бөлігін мақта (7905 га) мен жүгері (3269 га) құрайды. Ауданда 2004 жылдың 1-қаңтарында 19,1 мың бас ірі қара, 163,5 мың қой мен ешкі, 5,4 мың жылқы, 1264 түйе болды. Халыққа білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салалары бойынша ауданда 1 кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін 45 мектеп, 11 клуб, 1 мәдениет сарайы, 1 музей, 1 мектеп-интернат, 15 кітапхана, 9 аурухана, 28 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 ауылдық амбулатория болды (2003). Аудан аумағында көне қалалар мен қорған орындары көптеп кездеседі. Әйгілі “Арыстанбаб” кешені осы Отырар ауданының аумағында орналасқан.Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Аралбойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
Иванова

VI.1. Шығарманың басталуы: Көктал қыстаған Құрман атаның ауылы жайлауға қонып, көптен көріспеген ел мәре-сәре болып жатқанда ауылға екі адам келіп түседі. Ертесіне ауылға крестьянский начальник келеді. Бәрі соның келуін тамашалап отырғанда топ ішінде Сәрсенбайдан біреу Шолпан жеңешем «тақия тігіп беретін» тапты деп сүйінші сұрайды.

VI.2. Шығарманың дамуы: Ары қарай оқиғаны жалғастырмас бұрын Сәрсенбайдың кім екеніне тоқталып өтеді. Ол еш оқымаған, момын а көтермей бір күні қу бас деген сөз естіп, үйленуге бел буып, ағайындарын жинап, Жарас молданың Шолпан атты қызын алады. Сәрсенбай 45-ке, Шолпан 17-ге келгенде манағы топ ішінде сүйіншілеген Жамал дүниеге келеді. Бірінші көрген баласы болған соң Сәрсенбай үлкен той жасайды.

VI.3. Шығарманың байланысы: Жамал сағынып көрген баланың алды болған соң бетінен қақпай, ұл балаша тәрбие береді. Бірде Сәрсенбайдың үйіне молда келеді. Жамалжан деп әкесі жұмсап жібереді. Сонда молда мырзаңызға қыздың есімін қойғансыз ба? – деп таңданады. Сонда ұл баладан кем екендігін айтқанында, молда қыз балаға тұлым қойып, оқыту керектігін ескертіп кетеді. Содан кейін Сәрсенбай Ғазиз деген татар оқытушысын ұстап, Жамалды оқытады, қызша киіндіреді. Қалампыр: «Жамал әлі кішкентай, өссін, сосын тұлым қойып, оқытамыз» - дейді. Сыртқа жаны ашып тұрғандай болғанымен ішінен тоқалдың қызын жақтырмайды. Ғазиз Жамалдың зеректігін байқап, сабақ соңынан алып қалып, әріп таныта бастайды. Жамал қазақтың қисса-жырларын жатқа білетін болады.

VI.4. Шығарманың шиеленісі: Сәрсенбай болыстыққа сайлауға түседі де жеңіліп қалады. Кеткен шығынын ойласа намысына тиетін болады. Сөйтіп жүргенде болыспен құда Байжан таз Жұман баласына қыз іздеп, Сәрсенбаймен құда болады. Жамал өсе келе атастырылған жарының жаман, таз, ақылсыз екенін біледі. Өз көңілін көтеру үшін үнемі жиын-тойларға барып жүреді. Сондай тойлардың бірінде Ғалимен танысады.

VI.5. Шығарманың шарықтау шегі: Ғали мен Жамал арасында махаббат оты орнап, үнемі хат жазысып жүріп, бір күні екеуі қашып кетеді. Қаладағы саудадас досы Фатихолла байдың үйін паналайды. Бұларды іздеп маза бермегендіктен Ғалидың нағашылары жаққа кетеді. Онда Ғали бара сала 13 күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде көз жұмады. Жамалды шешесі келіп алып кетеді. Ғалидің өлімі Жамалдың Байжан босағасына баруына себеп болады.

VI.6. Шығарманың шешімі: Байжанның үйінде Жамал еш бақыт таба алмайды. Боранды түнде қалаға барып, Фатихолланың үйінде самауыр қайнатсамда, Байжанның таяғынан құтылайын деп боранды түнде адасып өледі.

Объяснение:

.

Zibuxin3

1.Ауыл өмірі қай жерде өтеді? ( Саумалкөл)

2.Сәрсенбай шаңырағына шыр етіп дүниеге келген сәбидің есімі? ( Жамал)

3.Жамалдың анасының есімі кім? .( Шолпан)

4.Жамал қандай қыз? ( ақылды, сұлу, оқыған)

5.Жамал қалай киінген? ( еркек балаша)

6.Жамалдың оқытушысының есімі кім? (Ғазиз )

7.Ғазиз есімді жігіт қай қалада білім алған? (Уфа)

8. Сәрсенбай өз қызын қай байдың ұлына ұзатады? ( Байжан)

9. Байжанның ұлының есімі және жасы нешеде? ( Жұман , жасы-17)

10.Жұман қандай бала? ( ақылсыз)

11. Жұманды ауылда қалай атайды? ( «Таз Жұман»)

12.Сәрсенбай қызын Байжанның баласына не үшін ұзатады? ( Байлығы үшін)

13.Жамал жиын- тойда қандай жігітті кездестіреді? ( Ғали)

14. Қос ғашық бір- біріне не арқылы сезімдерін жеткізеді? (Өлең арқылы )

15.Романдағы жағымсыз кейіпкерді ата? ( Жұман, Байжан, Сәрсенбай)

16.Романдағы ең басты кейіпкер кім? (Жамал)

17.Романның авторы? ( М.Дулатов)

18.Роман қай жылы жарық көрді? (1910 жылы)

19.Романдағы Ғали бейнесі? ( оқыған, мәдениетті)

20.Роман қай қалада басылып шықты? ( Қазан қаласы)

21.Ғали Жамалды алып қашып кімнің үйінде паналайды? ( Фатихолланың)

22.Жамал қай мезгілде үйінен қашып шығады? ( Қыс мезгілінде)

23.Романның тегі? (Эпос)

24.Романның тақырыбы? ( Әйел теңсіздігі)

25.Жамал қандай рудан шыққан? (Атығай руы)

26.Сәрсенбайдың екінші әйелінің есімі ? (Шолпан)

27.М. Дулатов қай жылы дүниеге келген? (1885 жылы)

28.М.Дулатовтың шығармаларын ата? («Қазақ жерлері», «Таза бұлақ», «Шәкірт»)

29. Қиын қыстау кезінде қызы үшін шырылдап, отқа түсетін жан? (Анасы Шолпан)

30.Байжан қандай мінезді адам? (Қатігез)

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Кластер на казахском на тему отырар
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

pedalplanet
Olga1509
Anna-Miron
lawyer-2019
sashaleb88
krasnobaevdj3
lavorenn
elenaneretina
sergey
Люблянова_Р.1777
Alsergus7811
dnikolay365
slonikkristi69
UvarovAndrei
kyzua2475