Театр дегеніміз - түрлі қойылымдар мен сахналық өнер мен, ойын - сауық өткізілетін орын.
Театрдың түрлері: қуыршақ театры, опера театры, опера және балет театры, драма театры, музыкалық драма театры т.б.
Астана қаласында қуыршақ театры, М. Горький атындағы драма театры, Астана Балет, Жастар театры, Қ. Қуанышбаев атындағы театр, Астана Опера, "Аттракцион" театры секілді театрлар бар.
Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Мемлекеттік неміс драма театры, Мемлекеттік қуыршақ театры, Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры бар.
Менің қаламда С. Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театры бар.
Ия, мен қаламыздағы театр қойылымдарын өткізбей көріп тұрамын. Сонымен қатар қаламызға гастролдық сапармен келген театр қойылымдарын тамашалағанды ұнатамын.
Маған Шәмші Қалдаяқовтың тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың "Сыған серенадасы" атты поэтикалық драмасы ерекше ұнайды.
Жасуша заттарының арасында бірінші орында су тұр. Бұл жасуша массасының шамамен 80% құрайды. Су тірі организмдер үшін екі есе маңызды, өйткені ол тек жасушалардың құрамдас бөлігі ретінде ғана емес, көпшілік үшін және тіршілік ету ортасы ретінде қажет.
1. Су жасушаның физикалық қасиеттерін - оның көлемін, икемділігін анықтайды.
2. Көптеген химиялық процестер тек су ерітіндісінде жүреді.
3. Су жақсы еріткіш: көптеген заттар жасушаға сыртқы ортадан сулы ерітіндіде енеді, ал сулы ерітіндіде қалдық заттар клеткадан шығарылады.
4. Судың жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі жоғары.
5. Судың ерекше қасиеті бар: оны +4-тен 0 градусқа дейін салқындатқан кезде ол кеңейеді. Сондықтан мұз сұйық судан жеңіл болып шығады және оның бетінде қалады. Бұл сулы ортадағы ағзалар үшін өте маңызды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Электр қуатын үнемдеудің қандай жолдарын білесіңдер
Электр қуатын үнемдеудің жолдары.
Қазіргі таңда әлемде энергия тапшылығы байқалатындықтан, электр қуатын үнемдеу – қоғамдағы басты қажеттіліктердің бірі болып отыр.
Электр қуатын үнемдеудің келесідей жолдары бар:
1. Алдымен, бөлмеден немесе үйден шығарда шамның барлығын сөндіріп тек қажет уақытында қосып жүру керек.
2. Шам демекші, қазір электр энергиясын аз пайдалатын, яғни энергия үнемдегіш шамдар жетерлік.
3. Кір машинада киім жуған кезде мүмкіндігінше жақсы ұнтақ таңдап, салқын суда жуу, себебі кіржуғыш машина жұмсайтын электр қуатының шамамен 90 пайызы суды ысытуға кетеді екен.
4. Жуылған киімді кептіргіш машинада кептірмей, күн жылы болса, далаға жайсаңыз, бұл да үнемдеудің бір жолы.
5. Егер үйіңізде термостат болса, қыс мезгілінде температурасын төмендетіп қойыңыз. Ал жазда салқындататын қызметін жиі қоспаңыз. Ұйықтап жатқаныңызда немесе үйде болмаған уақытыңызда жылуды сөндіріңіз.
6. Желдеткіш пен кондиционерді жиі пайдаланбай, кей кездері терезені ашқан да жеткілікті болады.
7. Тамақты жылыту керек болған жағдайда электр пешінің орнына микротолқынды пешті қолданыңыз.
8. Тамақты мультиваркада пісіріңіз, электр пешімен салыстырғанда электр энергиясын әлдеқайда аз пайдаланады.
9. Тоңазытқышты таза ұстау. Тоңазытқышты тұрақты түрде тазалап отырсаңыз, моторының жұмысы жеңілдейді. Осылайша электр қуатын үнемдеп қана қоймай, тоңазытқышыңыздың өмірін ұзартасыз.
10. Үйіңізде су жылытатын бойлер болса, су жылыту қызметін ең төменгі деңгейде ұстаңыз.