Жоңғар-қазақ соғыстары – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары.
Жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған. 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Тайыр ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жағдаят: ата аналарыңнан үйде ай сайын қанша электр энергиясы жұмсалатын туралы біліп алыңдар. тұрмыстық техниканың қай түрі электр энергиясын көбірек "жейді"? токты үнемдеу үшін не істеу керегін жазыңдар.
Біздің үйімізде ай сайын 370 - 400 кВт электр энергиясы жұмсалады екен. Ата - анамның айтуы бойынша электр энергиясын ең көп жейтін тұрмыстық техника - электр пеші, су жылытқыш (бойлер), жылытқыш, шәйнек. Үйімізде тоқты үнемдеу мақсатында біз энергия үнемдегіш шамдар қолданамыз, сонымен қатар бөлмеден немесе үйден шығып бара жатқанда, барлық шамды өшіреміз.
Қазіргі таңда әлемде энергия тапшылығы байқалатындықтан, электр қуатын үнемдеу – қоғамдағы басты қажеттіліктердің бірі болып отыр.
Электр қуатын үнемдеудің келесідей жолдары бар:
1. Алдымен, бөлмеден немесе үйден шығарда шамның барлығын сөндіріп тек қажет уақытында қосып жүру керек.
2. Шам демекші, қазір электр энергиясын аз пайдалатын, яғни энергия үнемдегіш шамдар жетерлік.
3. Кір машинада киім жуған кезде мүмкіндігінше жақсы ұнтақ таңдап, салқын суда жуу, себебі кіржуғыш машина жұмсайтын электр қуатының шамамен 90 пайызы суды ысытуға кетеді екен.
4. Жуылған киімді кептіргіш машинада кептірмей, күн жылы болса, далаға жайсаңыз, бұл да үнемдеудің бір жолы.
5. Егер үйіңізде термостат болса, қыс мезгілінде температурасын төмендетіп қойыңыз. Ал жазда салқындататын қызметін жиі қоспаңыз. Ұйықтап жатқаныңызда немесе үйде болмаған уақытыңызда жылуды сөндіріңіз.
6. Желдеткіш пен кондиционерді жиі пайдаланбай, кей кездері терезені ашқан да жеткілікті болады.
7. Тамақты жылыту керек болған жағдайда электр пешінің орнына микротолқынды пешті қолданыңыз.
8. Тамақты мультиваркада пісіріңіз, электр пешімен салыстырғанда электр энергиясын әлдеқайда аз пайдаланады.
9. Тоңазытқышты таза ұстау. Тоңазытқышты тұрақты түрде тазалап отырсаңыз, моторының жұмысы жеңілдейді. Осылайша электр қуатын үнемдеп қана қоймай, тоңазытқышыңыздың өмірін ұзартасыз.
10. Үйіңізде су жылытатын бойлер болса, су жылыту қызметін ең төменгі деңгейде ұстаңыз.