ellyb106786
?>

Составить диалог короткий(2 вопроса и 2 ответа) про тему алматы. желательно к этому тексту ​

Казахский язык

Ответы

mnogomams47
Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. 

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады. 
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ. 
Васенкова204

ІІД-де халықтың тұрмысы жақсарған сайын, қылмыс санының да артып бара жатқанын айтады. Өзіміздің ұрыларымыз жеткілікті, бірақ статистиканы «гастролерлер» бұзып отыр, қала экономикалық тұрғыда ауқатты болған сайын, соғұрлым тартымды болады. Сондықтан бізге оңтүстіктен де, солтүстіктен де, таяу шетелден де, шалғайдан да, мәселен, Кавказдан немесе Әзірбайжаннан да келуге ерінбейді... Бұл тұрғыда Атырау майлы шелпекке айналған. Әсіресе, тонаушылар үшін көршілік қарым-қатынас жолға қойыла қоймаған жаңа үйлер өте қолайлы. Бұл тұрғыда үй алдында шүйіркелесіп отыратын қариялардың көмегі теңдессіз. Сондықтан олармен жақсы қарым-қатынас орнату мүлік қауіпсіздігін сақтаудың бірден бір жолы. Олар біздегі көп қабатты үйлердің 99,9 пайызында жоқ консьерж қызметін алмастыра алады. Ал қалған 0,1 пайыздың жолдары болған, - дейді ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан МЫРЗАБАЕВ.

- Консьерждері бар үйлерге, әдетте, тонаушылардың қызығушылықтары бәсеңдейді. Олар үйге кімнің келгенін, нешеде келгенін жазып алып отырады. Яғни, подъезден мүліктерді алып кетуді айтпағанның өзінде, оған еленбей кіріп кетудің өзі мүмкін емес. Тұрғындары күзетті формальды тұрғыда емес, агенттіктен жалдайтын үйлер бар. Көп қабатты үйлердің көбінде қағаз жүзінде күзет қызметі бар, ол пайдалану шығындарына кіреді, ал бір жағдай бола қалғанда, олар ешқандай жауапкершілік алмайды.

Тағы бір жақсы нәрсе – домофондар. Олар да теріс пиғылды адамдардың келуін әжептәуір азайтады. Қазір ұрылардан қорғауға мүмкіндік беретін түрлі құралдар мен аспаптар жеткілікті. Әрине, қылмыстардың көп бөлігі аяқ астынан жасалады, алайда кәсіпқой ұрылар өзгеше әрекет етеді. Олар өздері нысанаға алған нысанды: кімнің тұратынын, қандай көлікке мінетінін, қайда жұмыс істейтінін, үйден нешеде шығып, нешеде келетінін, есік пен терезелеріндегі ілмектердің қандай екендігін ұзақ зерттейді. Мұндай жағдайда есіктің көзіне орнатылған шағын камера арқылы қылмыстық пиғыл туралы біліп, оларға осылайша ескерту беруге болады. Базар ұрыларды қорқытып-үркітетін қымбат емес құралдарға: кездейсоқ жанасқан кезде іске қосылатын сиреналарға, «пугалка» деп аталатын бақырауықтарға толы. Бұлардың барлығын мамандарды шақыруға қаржыңыз жетпесе, өзіңіз орнатуыңызға болады. Дабылдатқыштар секілді кәсіби деңгейдегі күзет жүйелері сенімдірек екені даусыз. Бұлар қымбат дүние, дегенмен, егер қожайындары жиі әрі ұзақ уақытқа басқа жаққа жиі кететін болса, нағыз керек құрал осы. Күзет агенттіктерінің мұндай қызмет түрлерін вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар жиі пайдаланады.

Билік те осы проблеманы қолға алған. Қазір қалалық әкімдік «Қауіпсіз аула» бағдарламасын енгізуде. Ол ықшамаудандар мен аулалардағы ахуалды жақсартады деп үміттенеміз. Бұл бағдарлама тәулік бойына бейнебақылау жасайтын болады.

Жеке үй-жайлардың қожайындарына цокольды немесе бірінші қабаттың терезелеріне темір тор немесе металл рольставнилер , кіре беріске мықты есік орнатуға кеңес берер едім. Биік дуал, сенімді қақпа және домофоны бар есікшенің де, бейнебақылау камерасын орнатып, бастысы, ит асыраудың да маңызы зор. Оқпен атылатын қаруды да ұстауға болады, тек арнайы сейфіңіз болса ғана. ІІД жеке үй-жайда қару сатып алып, сақтауға рұқсат береді. Бірақ, есіңізде болсын, бұл физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық жағынан дайындығы бар адам үшін өзін-өзі қорғаудың бір түрі. Кез келген адамның, тіпті қылмыскерді де атуға қолы бармайды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составить диалог короткий(2 вопроса и 2 ответа) про тему алматы. желательно к этому тексту ​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

петрАфанасьев
a-lossev111
qadjiyevaaynura
valentinakarma2800
vera-classic75
natakrechko
Sofinskaya1185
Газинурович
mir5552
plio67380
daverkieva568
kolyabelousow4059
egorstebenev6
barnkim
eshabunina