вокальдық музыка — музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығармалар. ірі жанрлары — музыка-драмалық шығармалар, оратория, орта жанрлары — кантата, вокалды цикл, литургия, хор концерті, кіші жанрлары — вокалды миниатюра (ән, романс). кейде дауысы оркестрлік музыкаға үлесіп айтылады (мысалы, петр ильич чайковскийдің «щелкунчик»-те). вокалды музыканың жанрлары: ораториалды
камералы
оперетта
джаз
вокалдық музыкаға халық әндері, жырлары, классиктері мен қазіргі композиторларының ән-хорлары жатады. вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. бұған біржан-сал, мұхит, абай, ақан сері, жаяу мұсаның әндері кепіл[1].
рок-музыка (ағылш. rock — теңселу, сілкіну) — қазіргі замандағы поп-музыка саласы. рок-музыка негізін солтүстік американың халықтық фольклоры — рок-н-ролл және кантри құрайды. рок-музыка алғаш 1950 — 60 ж. ұлыбритания және ақш-та қалыптасқан. рок-музыканың танымал өкілдері — “битлз”, “роллинг стоунз”, “лед зеппелин”, “пинк флойд” сияқты музыкалық ансамбльдер. рок-музыканың негізгі белгілері: блюздік композициялық құрылымдар, қысқа ангемитондық ырғақ, дыбысты электрлік және электрондық аспаптармен күшейту арқылы әсерлілігін арттыру. рок-музыка жастар субмәдениетінің бір бөлігі болып саналған. оның ішкі өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне байланысты бірқатар ағымдар дараланады. мысалы, әлеуметтік-мәдени қозғалыстарға қатысты (“хиппи”, “панк рок”, т. жас ерекшелігіне байланысты (ересектерге, жасөспірімдерге арналған), екпін мен белсенділігіне (“ауыр рок”, “жеңіл рок”) және техникалық жабдықталуына қарай (“афро-рок”, “барокко-рок”, “джаз-рок”, т. көркем мәдениет жүйесіндегі орны бойынша (коммерциялық “поп-рок”, элитарлық “рок-авангард”), т.б. рок мәдениеті үшін музыканттардың жүріс-тұрысы, киім киісі, рок-шоуды безендіру, бейнеклиптерді шығару сияқты сыртқы көрініс факторлары маңызды рөл атқарады. тмд елдерінде рок-музыка 1965 — 80 ж. бірқатар әуесқой топтар құрылды. сондай-ақ кәсіпқой-сазгерлердің (а.г. шнитке, э.н. артемьев) назарына іліккен жанр элементтері кең стильдік контексте қолданылды. кейінгі жылдары рок-музыка батыс елдерінде тек өнер түрі ретінде қабылданады. [1]
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Реферат на казахском языке про старинные города и их достопримечательности! ! на казахском !
азақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қаласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған.
A.
Түркістан қаласы
Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.