Сабақтан келісімен ,Оспан сөмкесін лақтырып тастады да, үстел үстінде тұрған тамақты апыл-ғұпыл ішіп, ойнауға кетті. Ол кешке дейін доп қуды. Үйдегі інісі Мұрат сөмкесін мысықтың мойнына байлап, біраз сүйретті. Содан соң ішін ақтарды. Қарындаштарын өзінің қобдишасына салды. Кітаптарынан үй жасады. Ішіндегң суреттерін қарады. Қып-қызыл алмалар оған ұнап кетті. Оны жыртып алып, түкіріп-түкіріп төсегінің тұсына жапсырып қойды. Сөйтіп жүріп былғап алды, дәптердің бі-екі парағын жұлып алып, сүртемін дегенде, үсті -басын, бет-аузын да былғады.Осы сәтте ойына Оспан түсті де, дереу кітап, қағаздарды сөмкеге салды.Оспан сабаққа дайындалған жоқ, сөмкесін ертеңгі сабақ үстінде бір-ақ ашты. Кітап былғанған, дәптер жыртылған, қарындаш жоқ. Мұны көргенде ол бақырып жылап жібереді. Үй тапсырмасын орындамағаны сол кезде есіне түсті.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Күз туралы өлең керек.1-шумақ.айтыныздаршы керек болып тур
Күңіренген, күрсінген күздің ауыр,
Мінезіне үйренген біздің ауыл.
Бұйра шаңын көтеріп қырат-қырдың,
Берекесін бір сәтте бұзды дауыл.
Жанарымда жабырқап жаз жылады,
Жылағаны емес пе, қаздың әні?!
Қайран менің жүрегім, қайтқан құстың,
Қанатынан үзілген сазды ұғады.
Жаңа мезгіл желбіреп жалауы тік,
Жаулап алды жер бетін қалауы ұтып.
Жылы өлкенің жамалын жасқа шылап,
Қара аспанның көзі тұр қарауытып.
Жадыраған жаздың да күйі осал тым,
Мезгілі өтті. Құс жүдеу, ұя салқын.
…Күздің жырын жазады бір Құдірет,
Бір ғажайып қаламмен сиясы алтын
Немесе
Сап-сары жапырақтар — Мұқағали Мақатаев
Сап-сары жапырақтар…
Сал-сары жапырақтар…
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Біреудің жанарында,
Біреудің табанында,
Сап-сары жапырақтар жоғалуда.
Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,
Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.
Естілмей құстың әні,
Естілмей құстың үні,
Жалғанның кетті сәні, ұшты; гүлі.
Сырғасынан айрылған ақ қайыңның,
Басына бар ғаламның түсті мұңы.
Сап-сары жапырақтар,
Сап-сары жапырақтар,
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Тагы
Күз келді
Келді міне күз, Айнала сары түс. Керемет, тамаша, Қандай әсем күз. Жеміс-жидек пісті, Қамбаға астық түсті. Қызу жұмыс басталып, Жинап алды жан салып. Көктен көзін бір алмай, Қызғылт тартты кәрі құз... Жер қызығын қия алмай, Маужырап тұр сары күз...