Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
7-тапсырма. мәтінді тыңдаңдар (6-аудио қандай ақпарат естеріңдеқалды? жұбыңның түсінген, түсінбегенін білу үшін, оған сұрақ қой.алматы – республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. қалаархитектурасы ұлттық элементтерімен ерекше. қала аумағыныңтабиғаты сұлу. қалада республика алаңы, президент резиденция-сы, даңқ монументі, республика сарайы, қазақстанның ғылымакадемиясының және ұлттық кітапхана ғимараттары, қазақдрама театры, «қазақстан», «отырар», «рахат палас», «анкара», «достық» қонақүйлері, студенттер сарайы, спорт сарайы, «медеу»спорт кешені, республикалық орталық мұражай т.б. көптеген мә-дени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғима-раттар бой көтерген.1994-1996 жылдары алматыда тәуелсіздік монументі, әл-фарабидің, райымбек батырдың, жамбылдың, ә.молдағұлова менм.мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.қазақстан ұлттық энциклопедиясынан
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
"Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”
Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.