Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған
fedchenkoofficial
27.01.2022
Мен болашақта кім болам дегенде бірден мамандықты ойлайсың. Бірақ, бүгін мен мамандық туралы емес, басқа туралы айтқым келеді. Маған анам әрдайым "қызға қырық үйден тыю" - деген мақалды жиі айтады. Жалпы баланы жастан тәртіпке бағынуды үйрету қажет, ал қазіргі заманда тәртіпке баулитын отбасы азайып барады. Ал, қыз баланың тәрбиесі ерекше болуы керектігін айтады. Өзіне анасы қатал болыпты. Анам өзіне бұндай тәрбиенің тек жақсылық сыйлағанын айтады. Мен болашақта көркем сөйлейтін, сүйікті ата-анамның борышын ақтайтын, сегіз қырлы, бір сырлы, қазақтың қыздары, міне осындай,- дейтіндей дәрежеде боламын.