Дене шынықтыру сабағында
Дене шынықтыру сабағын барлық оқушылар асыға күтіп, өте жақсы көретіндері сөзсіз. Себебі, бұл сабақта оқушылар шаршағандарын басып, біраз қимылдап, бойларына энергия жинайды. Мысалға, бүгінгі сабақ басталмай тұрып, бір топ оқушылар қоңырауда далаң – далаң жүгірсе, енді біреулері жапыр – жұпыр жүгіріп жарыса бастады, қыздар болса, қайқаң етіп, кейбіреулері ербең - ербең етті. Кілт қоңырау соғылып еді, оқушылар есікке қарап, маң - маң басып келе жатқан мұғалімді көрді. Мұғалім сабақ алдында жоқ оқушыларды түгендеп алып, бүгін түрлі жаттығулар жасайтынымызды мәлім етті. Сонымен, бірінші жаттығу – бір орында тұрып секіру болды. Мұғалімнің санағанына ілесіп секіріп жатқанымызда кенеттен менің аяғым қалт етті де, жерге жалп етіп түсе кеттім. Сыныптастарымның барлығы маған жалт қарады. Қасымда тұрған құрбыларым қолдарын созып, маған көмектесіп, тұрып жатқанымда аяғым тағы қайқаң етіп тұра алмай қалдым. Медбике шақыруға тура келді. Медбике апай денсаулыққа еш қаупі жоқ жарақат екенін айтып, мені сабақтан босатып, үйге қайтарды. Екі сыныптасым мені үйге дейін шығарып салды, себебі құлағаннан соң шойнаң - шойнаң етіп қалдым. Әзірге енді тыным сақтап, спортпен айналысуға болмайды.

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Информация о аральском море на казахском языке
Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді.Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни, арнайы зерттеулердің басталуы \17-19 ғғ.\ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол 17 ғасырдан бергі жерге берілген.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты.
Арал апатына себеп болған факторларға:
— жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
— ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; — суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
— жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және сіды үнемді пайдаланбау;
— табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Қазіргі кезде аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда.