falileevas
?>

Төмендегі ойды жалғап 3-4 сөйлеммен қорытындылаңдар.мен үшін сүйіспеншілі даб 10 !

Казахский язык

Ответы

director3

Мен үшін сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі.  Жалпы, менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Сүйіспеншілік ұғымының аясы өте кең. Айналамыздағы келеңсіз жағдайлар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін де осы сүйіспеншілік. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.

Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Ендеше, сүйіспеншілікті өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты болайық!

Федорович Шахова241

Қазіргі заманда нағыз досты табу өте қиын. Ия, бізбен бірге кафеге немесе киноға баратын адамдар көп, бірақ, қиын кезде қол ұшын соза алатын достарымыз аз. Менің құрдастарым, бір апта бұрын ғана танысқан адамдарды, досым немесе бауырым деп атап жатады. Менің ойымша бұл дұрыс емес, оларды дос ретінде қабылдау үшін, өмірдің сынақтарынан бірге өту керек. Ал, егер сенің жанында, уақытын, ақшасын немесе өмірін құрбан етуге дайын адамын бар болса, шынайы достық деген осы. Бұл өмірдегі өте құнды нәрсе, сондықтан оны қадірлеу керек. Шынайы достық, шынайы махаббат сияқты, сирек кездеседі. Мен үшін достық дегеніміз – бұл адалдық пен сенімділік. Нағыз дос, жолдасына ешқашан опасыздық жасамайды, ол әрқашан оған жанқияр болады. Барлық адам сізден бас тартқанның өзінде, ол сізді ешқашан тастамайды және әрқашан қасыңыздан табылады. Шынайы достар шыншыл болады, жағымпаздық пен екіжүзділікке орын жоқ. Шыңдық ашы болса да, оны жасырмай бетке айтады. Есіңізде болсын: достар – біздің айнамыз. Егер сіз адал болмасаңыз, өз досыңыздан адалдықты күтпеңіз! Достық деген не? Әр адам оны әр қалай түсінеді. Мен үшін – бұл ең алдымен, қиын уақытта көмекке келетін сенімді адамның болуы. Қуанышыма орай, менің осындай жолдасым бар! Сол үшін өзімді бақытты сезінемін! Нағыз досқа сенің әлеуметтік мәртебен маңызды емес, ол сені ренжітпейді және қызғанбайды. Артыннан жаман сөздер айтпайды. Іспен болмаса да, кеңеспен көмектеседі. Әрине, кемшілігі жоқ адам болмайды, олда қателік жасап, жүрекке ауыр тиетін сөздерді айтып қалуы мүмкін. Сондықтан, бір-біріне кешірімді болу керек.

Igorevich_Aleksandrovna1599

Мен қандай мамандық иесі болғым келеді?

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Төмендегі ойды жалғап 3-4 сөйлеммен қорытындылаңдар.мен үшін сүйіспеншілі даб 10 !
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Avdimov5
Sergeevich-irina
Герасимова107
Skvik71
stendpost
necit12
Smolkovaya
klkkan
BelozerovaGeller648
dkedrin74038
VladimirovnaSimonov
Leobed917670
Сергеевич1386
ruslan
frame45