Ұлттық тағамдар туралы диалог
- Мадина, сәлем, сенің қазір қолың бос па?
- Ия, Алина, бос уақытым бар.
- Ендеше саған бір бүйімтайым бар еді.
- Тыңдап тұрмын. Айта бер.
- Маған мектепке қазақ халқының ұлттық тағамдары жайлы хабарлама дайымдауым керек. Өзім қазақша сөйлей білгеніммен ұлттық салт - дәстүрден хабарым жоқ. Осы тапсырмаға көмектесе аласың ба?
- Әрине, көмектесейін. Қандай сұрақтарың бар, қоя бер?
- Қазақ халқының ұлттық тағамдары жайлы жалпы түсінік беріп жіберсең?
- Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. «Астан үлкен емессің» деген мақал осының дәлелі секілді. Тіпті үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.
Ұлттық тағамдарға тоқтала кетер болсақ, оларды құрамындағы басты компонентке байланысты бірнеше негізгі топқа бөлуге болады: ет тағамдары, сүт тағамдары, ұннан жасалатын тағамдар, дақылдан жасалатын тағамдар.
- Қандай керемет жауап! Өзің айтқандай, ұлттық тағамдарды бірнеше топқа бөлсек, әрқайсысына толығырақ тоқтала кетсең?
- Жақсы. Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы.
Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар.
Ұлттық сүт тағамдарына айран, қатық, шалап, қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. жатады.
Ал ұннан әже - апаларымыз ежелден қазағымның символына айналған шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеген. Жұма сайын және әрбір мерекеге орай дастарқаннан бауырсақ пен шелпек үзілмеген.
Халқымыз дәнді дақылдардан да пайдалы тағам әзірлей білген. Соның ішінде: талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе.
- Мадина, саған алғысым шексіз! Маған өте қатты көмегің тиді. Енді өзім де біліп жүретін болам!
- Оқасы жоқ. Көмектесе алғаныма қуаныштымын!
Мен табиғаттың бір бөлшігім.Адам табиғатпен тығыз байланысты.Біздің манайында барлығын біз қоршаған ортамен атаймыз.Өсімдіктер - ауамыздын бастауы.Кислородсыз ешбір өмір сүрмейді.Қазір көп адамдар ағаштарды шабады.Бұл дұрыс емес.Ағаштарды,өсімдіктерді,гүлдерді қорғау керек.Көл және өзендер ластанады.Кұрылған зауыттар қоршаған ауады ластанады. Мен табиғаттың ластауына қарсымын.ӘР-бір адамның борышы- табиғатты ластамау,корғау,коқысты жерге тастамау.Егер біздің табиғатымыз таза болса,ол келесі келешекке қалады.Бізге олар туралы да ұмытпау керек.Табиғат корғау ушін арнаулы партиялар жасау керек.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите эссе на 50 слов на казахском на тему день астаны