Natalya
?>

Переведите на казахский без переводчика молю: здесь легко купить все – от продуктов питания до ноутбуков и машин. развитая транспортная система позволяет доставлять товары даже с других континентов. а главное – в городах сконцентрированы разные производства и учреждения, поэтому каждый может получить профессию и устроиться на работу. в городе много развлечений и интересных мест, интернет в каждой квартире. есть парки, скверы, памятники культуры, набережные, где можно отдыхать.

Казахский язык

Ответы

snabdonm501

Бұл жерден бәрін сатып алу оңай: тағамдардан бастап нотбуктер мен машиналарға дейін. Дамыған транспорттық жүйе тауарларды басқа құрлықтардан да тасымалдауға мүмкіндік береді. Ең бастысы - қалаларда түрлі салалар мен мекемелер бар, сондықтан да әркімнің мамандық алып, жұмысқа орналасуына болады. Қалада көптеген   ойын-сауық және қызықты орындар бар, әр пәтерде интернет бар. Парктер, алаңдар, мәдени ескерткіштер, демалуға болатын жағалаулар бар.

Klicheva_Ermachenkova1536
Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б.Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді
Simbireva

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Кесе тарту етіп отырған әже, немере немесе шөбересімен

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады[2].

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Переведите на казахский без переводчика молю: здесь легко купить все – от продуктов питания до ноутбуков и машин. развитая транспортная система позволяет доставлять товары даже с других континентов. а главное – в городах сконцентрированы разные производства и учреждения, поэтому каждый может получить профессию и устроиться на работу. в городе много развлечений и интересных мест, интернет в каждой квартире. есть парки, скверы, памятники культуры, набережные, где можно отдыхать.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

firsova5911
abroskin2002
Ruslan374
socofilesrus4
morsh9345
kosstroy
Tane4ka2110
Lugovoi
tagirova1
nat63nesnova5
Savva1779
tsarkovim
Vasilevna_Utenkova651
mishink535
Антон-Марина