«Су –тіршілік көзі» Су- баға жетпес байлық. Жер бетінде барлық тіршілік суға байланысты. Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманда өзен,көл,бұлақ,әсіресе құдық суының тазалығына қатты көңіл бөлген. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадырлеу,суды лайламау,суды ластамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата- анасы «Суды сабама,балығын шошытасың», «Бұлақты лайлама,құсын кетіресің» деген тоқтау сөздер айтып,тәрбилеген. «Бұлақ көрсең,көзін аш» деп өсиет айтқан.Бұдан қазақ халқының суды қалай қастерлеп,қорғайтынын көреміз.Өзен,көл-табиғат көркі.Ондай жерде жайқалған өсімдік,қаптаған жануарлар тіршілік етеді.Өзенді,көлді жерде құс көп болады.
Марина
06.10.2020
Қазақстан өте әсем елдердің бірі . Мен Қазақстан елінің Астана қаласына барғым келеді. Мен Астанада Әсем әрі қызықты жерлер көп деп естідім. Менің бір досым Астанаға барған . Ол маған Астанада Ханшатыр деген үлкен сауда ,ойын орторталығы бар деп айтқан. Мен оның сөздеріне қызығып кеттім. Тағы ол маған Астанада Бәйтерек деген ұзын ғимарат бар деп айтты . Сосын мен отбасымды Астанаға баруға көндірдім. Мен сондай қуанышты күйде болдым. Міне біз Қазақстандағы Астана бас қаласына жеттік. Мен онда барғанда мен таң қалдым . Тіпті мен досымның сөздерін жақсылап тыңдамаған өкініп те қалдым . Мен бірінші Бәйтерекке бардым. Онда өз қолымды басып тұрып үш тілек айттым. Сосын океанариум да бардым . Мені таң қалдырған осы жер болатын Қазақстанның бұл қаласы маған қатты ұнады
Vladimirovna Yevtodeva
06.10.2020
Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Алайда, 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.
Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз.
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов та осы идея үшін күресті, азабы мен абыройы қатар түсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның өмір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына қалам алып ғылыммен, әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты. Соның арқасында қазақ әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тіл ғылымы мен ба зі үшін, бір сөзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер жазып тастап кетті.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
2сочинения на тему: вода источник жизни. на казахском ( 70слов)