janetp
?>

Сочинение на тему су тіршілік козі 60-80 слов

Казахский язык

Ответы

annakuzina2023

Су - тіршілік көзі. Бұл сөзді айтып кеткен ата-бабамыз, судың адам үшін және қоршаған орта үшін маңыздылығын түсінген болар. Адам денесі сексен пайызға судан тұрса, кейбір өсімдіктер тіпті тоқсан тоғыз пайызға да судан тұрады. Табиғаттағы көптеген химиялық әрекеттер сусыз жүзеге а еді. Судың маңыздылығын көрсететін келесі жайт, ол адамның сусыз мүлде өмір сүруге мұршасы жоқтығы. Мысалы, тамақсыз адам бір аптаға толықтай шыдаса, сусыз екі-үш күннің ішінде жансыздануы мүмкін дейді ғалымдар. Сол себептен, судың күнделікті мөлшерін бұлжытпай ішіп отыру қажет. Мысалы, салмағы жетпіс кило болатын орта жастағы адамға, екі литр шамасында су ішу қажет. Яғни, егерде сіздің салмағыңыз бұдан артық болса, судың да мөлшерін көбейткен жөн. Біздің ішетін шәй, сорпа және басқа да сусында су болып саналмайды. Айтылған екі литрді тек таза судан алу қажет. Бұл ережеге сүйенбейтін адамдардың қандары қоюланып, ас қортуы нашарлап, артық салмақ қосуының мүмкіндігі күрт көбейе түседі. Сол себептен, су ішуді ұмытпаңыздар!

zoomagazinkotmatroskin
Көктем неткен керемет!
Көктем. Қар еріп, күн жылынды.
Балалар қуанып жүр. Әлем өзгеріп кеткендей. Төңірек ашық, тұман жоқ.
Аппақ тонын жер шешті. Жерді жапты көк кілем. Құс келіп, көріктенді көлдің шеті. Мал төлдеп, баулар гүлдеп, көктеді егіс. Басталды той - думан жазық дала. Адамдар еңбек етіп, көктемнің алғашқы айы:
Наурыздағы мерекеге дайындалып жатыр. Наурыздағы мерекелер аз емес: үшінші наурыз жазушылар күні, сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер күні, ең басты мереке жиырма екінші наурыз біздің жаңа жылымыз. Жаңа жылда әжелер наурыз көже пісіріп, бір - бірімен қол алысады. Пай - пай көктем неткен керемет!
Пронкина_TEST1682

Балықтар (лат. Pisces) — негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.

Балықтар — хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на тему су тіршілік козі 60-80 слов
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*