Қазақстанда баламалы энергия көздерінің үлесі 2020 жылы 3 пайызға, 2030 жылы 10 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға дейін жетеді деп жоспарланған. Ал алдағы жылдары энергетика саласына тартылатын инвестициялардың 97 пайызы жеке секторға тиесілі болмақ.
«Болашақтың энергиясын қалыптастыру» ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумы – ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы қорытынды шаралардың бірі. Екі күнге жоспарланған шара Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Форум БҰҰ аймақтық комиссиялары аясында биылғы жылдың 11-14 маусымында Астанада өткізілген Тұрақты дамуға арналған энергетика жөніндегі 8-ші халықаралық форум мен «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» конференциясы шеңберінде басталған келісімдердің жалғасы саналады. Форумның ашылуына Чехия, Финляндия, Ресей, Грузия, Польша елдерінің энергетика салаларының басшылары, сондай-ақ Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің президенті Тор Файеран қатысты.
ХІ KAZENERGY Еуразиялық форумында әлемдік энергетикалық компаниялар тұрақты энергетика көздерін тиімді басқару, энергия ресурстарының өндірілуін, сақталуын және пайдаланылуын бақылау, энергия көздеріне қол жеткізу, климаттың өзгеруі және көмірқышқыл газы шығарындыларын төмендету, баламалы энергия көздерінің пайдаланылуын ынталандыру, энергиялық тиімділік бойынша бағдарламаларды және «ақылды» энергетиканы енгізу, уран және атом саласын инновациялық тұрғыда дамыту сияқты мәселелер талқыланды.
Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1]
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
5предложений про воду на казахском языке
Бізге өте бақытты, өйткені ешкім тірі сусыз өмір сүре алмайды. Кейбір түрлер ауыр жағдайларға бейімделуді үйренді жəне ұзақ уақыт сусыз шығаруға қабілетті, бірақ онсыз өмір сүре алмайды.