Музыкалық мұра. Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.
Жаңа ырғақ - өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері - осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Бұрынғы он бір және жеті-сегіз буынды өлеңдермен айтылатын әндерге Абай әңдері ұқсамады. Абай тудырған жаңа поэзия лебі оның әндеріне де жаңа лебіз берді. Орыстың ұлы ақындарын үлгі тұтқан Абай музыка дүниесінде де мұсылмандық шығыстың құран оқу әуезінен үн сөздіктерін іздемегені былай тұрсын, өзіне дейінгі болып келген қазақтың халықтық әндерінің бірқалыптас тілдерін де місе тұтпады. Ол орыстың әдет- ғұрып музыкасы, қала романстарын ести, тыңдай отырып, солардан шығармашылық үлгі алды. Оның үстіне Абайдың «Евгений Онегинді» аударып, «Татьяна хатына» өзінің ән шығаруы, А. А. Дельвиг пен М. М. Глинканың «Сұрғылт тұманын», А. Г. Рубинштейннің «Мен көрдім», М. Ю. Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғыбын» аударып, ояарға ән шығарғаны - Абайдың музыкалық сөздігін байытуға әсер етті. Тағы бір айта кететін нәрсе - Абай әндері, сөзі мен музыкасы біте қайнасып жатқандықтан, өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінше, орындаушының керінген өлеңге жегіп алып, жүре беруіне келмейді. Мысалы, «Қараторғай», «Екі жирен», «Жиырма бес», «Аққұм» сияқты әндерді бірінің сөзімен бірін айта бересің де, Абайдың «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» сияқты әндерін бірінің сөзімен бірін айта алмайсың. Қазақтың халықтық ән дәстүрінде бұл да бұрын-соңды кездеспеген жағдай деп айта аламыз
Объяснение:
не знаю просто читай
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Придумай 7 предложений а и огурцах на казахском та парковки
Қорқыт ата VII ғасырда Сырдария өзенінің бойындағы бұрынғы Жанкент қаласында өмір сүрген. Кемеңгер тұлға дүниеге келмес бұрын анасы оны құрсағында үш жыл көтерген деген аңыз әңгіме бар. Ол дүниеге келгенде табиғат тылсымы ерекше күйге енген. Қатты боран соққан. Күн тұтылып, үш күн бойы күннің көзі көрінбеген. Қара тұман басқан. Сол себептен оған «Қорқыт» есімі беріліпті. Ойшыл жыраудың өмірін зерттеген ғалымдар оның есімінің мағынасын түрліше болжаған. Бірі «құт әкелетін адам» десе, енді бірі «өмір тоқтады» деп болжаған. Бір қызығы, Қорқыт ата дүниеге келе сала тілі шығып, сөйлеп кетіпті. Тіпті туыла салып жүріп кеткен деген де аңыз бар.
Қорқытпен қобыз егіз ұғым іспеттес. Ол туралы «Қорқыт ата кітабында» тереңінен жазылған. Кітаптың алғашқы беттерінде жыраудың нақыл сөздері жазылған. Онда өмір мен өлім туралы көбірек мағлұмат алуға болады. Аңыздарға сенсек, Қорқыт «өмір барда өлім бар, өзгеру бар. Өлмес өмір жоқ. Сынбас темір жоқ, бәрі де өледі. Өзгереді, ұмыт болады. Тек мәңгілікке өлмейтін, ұмытылмайтын адамның өмірінде жасаған игілікті ісінің нәтижесі» деген.Жалпы Қорқыт ата өмір бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде сипатталады. Көпшілікті жырымен ғана емес, күйімен де өзіне қаратқан ол дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бір атап өтерлігі, жолшыбай кездескен адамдардың барлығы көр қазып жатады. Олардан «кімнің көрі?» деп сұрағанында, «Қорқыттың көрі» деген жауап алады. Тағы бір түсінде «жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың» деген аян естіген соң ол өзі туған өңірге қайта оралыпты. Содан қобыз аспабын ойлап табады. Қорыта айтқанда, Қорқыт ата туралы бірнеше аңыз бар. Олардың бірінде өзен ортасындағы кілем үстінде қобызымен күй тартқан оның кілемі құдіретті күйдің арқасында суға батпайтыны да айтылады. Аңыздарда Қорқыт ата қобыз тартқан жылдары ел ішінде ешбір текетірес, өлім болмаған деседі. Тек күндердің бірінде ерекше аспапта ойнап отырған ол кенеттен ұйқыға кеткен сәтінде судағы қайрақ жылан оны шағып өлтірген деген де аңыз бар. Тағы бір аңыз әңгімелерде Қорқыт қобызда күй тартып қана қоймай, ол арқылы адам емдеген деген де мәліметтер кездеседі. Онымен қоса, оның бойында болашақты болжайтын да қасиет болған көрінеді.Жер бетінде қобыз аспабында алғаш болып күй тартқан Қорқыт атаның күйлері бүгінде кеңінен танымал. «Қорқыт», «Башпай», «Тарғыл ана», «Ұшардың ұлуы», «Желмая» және «Елімай» күйлері бар.
Өзіңе керектілерін аларсың.