Көп тілді білу – өмірлік қажеттіліктен туындаған құбылыс. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Халықтың рухани, мәдени құндылығымен сусындау үшін ана тілін білу керек. Әрбір адамның өз тілінде сөйлеп, білім алып, азамат болып қалыптасуы маңызға ие. «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» деген Абай атамыз. Бүгінде тіл білгеннің тіршілігі түзу. Тарих беттерін шолу жасасақ, ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін білгендіктен, артына мол рухани құнды мұра қалдырды. Ақын Абай Құнанбаев орысша хат танып, өзге тілді үйренсе де, өз тілін құрметтеп, артына өшпес мұра қалдырған. Алаш арысы, қоғам қайраткері М. Шоқай зеректілігі арқылы университет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шыққан
Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.
«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар жетілдіруде. Сол себептен ақпараттық- комуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта әлемдік білім беру қоғамдастығының кеңістігін қалыптастыратын білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды.
Болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейе түсері сөзсіз
Объяснение:
Вот
Ұлттар достығы өнеге,халықтар достығы үлгі болған қазақ.
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.
Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Как работает компьютер? обеснить на казахском
компьютерді іске қосқанда ең алдымен бағдарламалық жасақтама жұмысқа кіріседі. бұл компьютерге өндіріс орнынан орнатылған бағдарламалық жасақтама енгізу-шығару базалық жүйесі (віоs) деп аталады және ол компьютердің тұрақты жадысында сақталады. ол компьютерді қосқан сайын оның қызметтерін тексереді, содан кейін операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін қамтамасыз етеді.
операциялық жүйе - ол бағдарламалық өнім. оның көмегімен осы ортада қолданатын қосымшаларды іске қосуға болады.
орнатылған операциялық жүйені дұрыс жүктеу үшін мынадай әрекеттер жасау керек:
· диск-жетекте дискінің жоқтығына көз жеткізу.
· мониторды қосып, компьютердің алдыңғы тақтадағы қоректенуді ажыратқышын қосу. алдымен компьютер 10 секундтан 30 секундқа дейін болатын power-on-self-test (роst) өзіндік тестілеуін орындайды. тестілеу үрдісінде қате айқындалса, экранда осыған орай хабар пайда болады. < del> пернесін басып, жүйені баптауын өзгерту және қатені жою үшін bios конфигурациялау смоs setup post бағдарламасын таңдап «мәселелерді шешу» тарауын пайдалануға болады. post - өзіндік тестілеу сәтті аяқталған кезде компьютер қысқа дыбыстық сигнал беріп, экранда компьютердің конфигурациясы бар кесте пайда болады. осыдан кейін компьютер қатқыл дискіден операциялық жүйенің жүктелуін бастайды.
· алғаш компьютерді қосқанда операциялық жүйе көшірмесінің сериялық нөмірін енгізуді сұрайды. нөмір операциялық жүйеге қосып берілген жапсырмада көрсетіледі. сондай-ақ қолданушының аты-жөні көрсетілуі керек.
· егер сериялық нөмірі дұрыс енгізілсе, windows стандарттық терезені - «жұмыс үстелін» көреміз. экранның сол жақ төменгі шетінен «іске қосу» (пуск) батырмасын қоса аламыз.
· енді пернетақтаны және «тінтуір» тетігін ыңғайлы орынға қойып, мониторды дұрыс орналастырып, бейненің параметрлерін баптау керек. мониторды баптау құрылғымен бірге берілетін пайдалану нұсқауында сипатталған.
· алдымен операциялық жүйемен жұмысты игергеннен кейін ғана бағдарламаларды орнатуды бастауға болады.