Irina_Nevretdinova1630
?>

Переведите на казахский язык, без переводчика. "польза от компьютера: 1) оптимизация многих производственных процессов; 2) быстрое и бесплатное общение на расстояние 3) хранение большого количества информации, а именно фото, видео, текстовые документы и др. 4) компьютер-средство развития человека с малых лет. вред от компьютера: 1) ухудшается осанка, из-за длительной сидячей работы; 2) также, из-за напряженной работы, ухудшается зрение; 3) вызывает зависимость у некоторых людей. "

Казахский язык

Ответы

Playintim405374
– Компьютердің пайдасы:
1) көптеген өндірістік процестерді оңай қылады.
2) қашықтықтағы жылдам және тез қарым-қатынас.
3) көп мөлшердегі ақпараттың сақталуы,оның ішінде фотосуреттер,бейнероликтер,мәтіндік құжаттар және т.б ( тағы да басқа ).
4) компьютер – адамның кішкентай жасынан бастап дамуға септігін тигізетін құрал.

– Компьютердің зияны:
1) ұзақ отырып жұмыс жасағандықтан,адамның кесін-келбеті нашарлайды.
2) сонымен қатар,қауырт жұмыстан көзге зақым келеді.
3) кейбір адамдарда тәуелділік пайда болады.
naromanova

Алтын күз.

Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз. Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады. Осы қызыл, сары, қоңыр жапырақтар - «алтын күздің» айрықша белгілері.

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Құстар да күз келісіміен келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді.

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Бірақ, қандай болмасы менің жаныма ең жақын - осы бір күз мезгілі. Оның екі себебі бар, бірінші себеп – ол күздің нағыз жылы күндерімен тұспа – тұс келетін менің туылған күнім, ал екіншіден, табиғаттың осы бір ғажайып күйі маған ерекше сезім сыйлайды. Сонымен қатар, күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, гербарий жасау – менің хоббиім.

Вячеславович-Дмитрий1694

Менің сүйікті тағамым

«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.  

Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.  

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.  

Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Переведите на казахский язык, без переводчика. "польза от компьютера: 1) оптимизация многих производственных процессов; 2) быстрое и бесплатное общение на расстояние 3) хранение большого количества информации, а именно фото, видео, текстовые документы и др. 4) компьютер-средство развития человека с малых лет. вред от компьютера: 1) ухудшается осанка, из-за длительной сидячей работы; 2) также, из-за напряженной работы, ухудшается зрение; 3) вызывает зависимость у некоторых людей. "
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*