andreevaalisa
?>

Берилген такырыптын биреуимен хабарлама жаз 1)зат есим туралы не билдим? 2)сойлеуимизде зат есим кандай рол аткарады?

Казахский язык

Ответы

mmihail146

Зат есім сөз таптарының бірі. Мен зат есімнің не екенін түсіндім. Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.  Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.Зат есім сөз таптарының бір түрі. Маған зат есімді зерттеп, оны түсіну өте қызықты болды. Жәнеде зат есімнің рөлі өте маңызды болып келеді.

Рощак_Ольга573
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. 
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. 
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.
Aleksei Biketova
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Жаман оқимын дей алмаймын,құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар! 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Берилген такырыптын биреуимен хабарлама жаз 1)зат есим туралы не билдим? 2)сойлеуимизде зат есим кандай рол аткарады?
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Dmitrievna Lvovich
Karlova1507
Zaikinarusina
kisa-luba
komarov-dmitriy
olartamonov6
lalaland2744
Маргарита1091
Golubitskaya378
Yelena Kotova
fshevxuzheva313
kon200182
Gennadievna bessonov
КузменковаЖигулин
potemkin77